Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Төртқұдық ауылында өткен Бозшакөл өндірістік кен қазу Жобасының «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» бойынша қоғамдық тыңдаулар

ҚР  2013 жылдың 28 тамызындағы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың қоршаған ортаның күйі туралы жеткілікті және толық ақпаратты уақтылы алу және экологиялық мәні бар шешімдер қабылдау үдерісіне жұртшылықтың қатысу құқықтарын сақтау заңнамасы талаптарына сәйкес, Екібастұз қ. «Төртқұдық ауылының әкім аппараты» ММ  мен «Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)» ЖШС Төртқұдық ауылының клубында Бозшакөл өндірістік кен қазу «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырды.

«Қоршаған ортаға әсерді бағалау» экологиялық жобасы бойынша «ТЕХЭКО» ЖШС директоры Д.Ю. Мерзоновтың баяндамасы тыңдалды. Бозшакөл кен орнында карьер құрылысын салу және қолдану кезеңдерінде қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары мен іргелес аумақтағы қоршаған орта компоненттерінің қазіргі күйі егжей-тегжейлі қаралып,  Бозшакөл кен орнында өндірістік кен қазу жұмыстарының қоршаған ортаға тигізетін әсерін талдаудың негізгі нәтижелері көрсетілді. Бұдан әрі жұртшылықтың жиналған өкілдерімен пікірталас болды.

Қоғамдық тыңдауларға отыз жеті адам қатысты. Олардың арасында «Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)» ЖШС басшылығының өкілдері мен Ертіс экология департаментінің өкілі С.Сулейменов қатысты.

Талқылау қорытындылары бойынша негізгі тұжырымдар:

1) Жоба ауылдан 22 км қашықтықта орналасқан, сонымен қатар, желдің басым бағыты ауылға қарай соқпайды, осыған байланысты келтірілетін экологиялық зиян шамалы болып табылады.

2) Бозшакөл жобасы жұмысының басталуы ауылдың экономикалық жағдайына қолайлы әсерін тигізеді. Қазірдің өзінде еңбекке жарамды халықтың басым көпшілігі  Бозшакөл тау-кен комбинатында еңбек етеді.  

3) Халық Бозшакөл жобасының әрі қарай дамуын қолдайды.