Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін құрметтеу

         2013 жылдың 24 қазанында  Екібастұз қаласы әкімінің резиденциясында әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлеріне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

         Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк бұл мамандық иелерін құттықтап, ең мықтыларын  Екібастұз қаласының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін  мерекелеуге байланысты құрмет қағазы және алғыс хаттармен марапаттады.

        Салтанатты шара  Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған концерттік бағдарламамен сүйемелденді.