Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



13ж.10.09. бастап 13ж.16.10. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     18 сағ.08 мин. есік құлпы желініп, ашылмайтындықтан үйіне кіре алмай тұрғандығы және пәтерде екі жасар баласы бар екендігі туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, дүкен маңдайшасынан балконға мінді, содан слесарлық құралдың көмегімен балкон есігін ашып, пәтерге кірді және ішінен құлыпты бұзып сыртқы есікті ашты, бала пәтерде болды, зардап шеккендер жоқ.

2.     20 сағ. 27 мин. інісі пәтерді жауып алып өз өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқаны туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен, сыртқы есік құлпының жүрекшесін жұлып алды, сыртқы есікті ашты. Жас жігітті жуынатын бөлмеде мас күйінде, аман-сауында тапты. Әрі қарай жақындарының қамқорлығына қалдырды.

3.     11 сағ.19 мин. есік құлпы желініп, ашылмайтындықтан үйіне кіре алмай тұрғандығы және пәтерде бір жасар баласы бар екендігі туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдық көмегімен 4-қабаттың балконынан 3-қабаттың балконына түсті, балконның есігін ашып, пәтерге крді, ішінен құлыпты бұзып есікті ашты. Бала пәтерде болды, зардап шеккендер жоқ..

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:  22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-ші құтқару бөлімшісінің басшысы                                     Смирнов С.Ю.