Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



13ж.16.09. бастап 13ж.23.10. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған апаттық-құтқару жұмыстары

1.     19 сағ.00 мин. балалар көршісін балконға жауып қойғандығы, ал пәтерде 2 жастағы екі бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 6-қабаттың балконынан 5-қабаттың балконына түсті. Балкон есігін ашып пәтерге кірді, балалар пәтерде болды. Зардап шеккендер жоқ.

2.     11 сағ. 48 мин. гаражда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, салмағы 1 кг. ыдыстағы сынапты тауып алғандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, әрі қарай оны жою үшін, сынапты алып кетті.

3.     15 сағ. 18 мин. пәтерінде бөлме аралық есігі жабылып қалғандығы, және бөлмеде 1 жас 6 айлық баласы бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен есікті ашты. Бала бөлмеде болды.

4.     10 сағ.19 мин. үш күн бойы қарт шешесіне хабарласа алмай жатқандығы және есікті ашпайтындығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен альпинистік жабдық көмегімен үйдің төбесінен 5-қабаттың балконына түсті, балконның есігін ашып, пәтерге кірді, есікті ішкі жағынан ашты. Қарт әйелдің денесі бөлмелердің бірінен табылды.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

3-ші құтқару бөлімшісі басшысының м.а                               Камзин Н.С.