Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

        2013 жылдың 23 қазанында Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында  қала әкімі  Александр Вербняктың төрағалық етуімен   мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді.

         Отырыстың жоспарына сәйкес 2013 жылдың 26 маусымында жұмыс тобының отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы және ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында жұмыс тобы мүшелерінің Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасының орындалуына әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқу мекемелеріне, кәсіпорындарға және ауылдық округтерге шығуларының қорытындысы жөнінде мәселелер талқыланды.

         Күн тәртібінің мәселелері бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Жұмабаева мен кәсіпорындардың жетекшілері сөйледі.

         Айжан Хамзақызының айтуынша, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-нда қызметкерлердің үш штаттық бірлігі қарастырылған, соның ішінде екі аудармашы және қазақ тілінің мұғалімі бар. Кәсіпорында қазақ тілі кабинеті ашылған.  «Б.Нұржанов атындағы ГРЭС-1» ЖШС-нде іс жүргізу заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізіледі Кәсіпорын жұмыскерлерін кәсіпорын есебінен мемлекеттік тілге оқыту ұйымдастырылған. Заман талабына сәйкес жабдықталған қазақ тілі кабинеті ашылған.

Қала басшысы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 кәсіпорындары алдағы өткен отырыстың хаттамалық тапсырмаларын толық орындағаны үшін алғысын білдірді.

Екінші мәселеге тоқталсақ, бекітілген жұмыс жоспары негізінде 2013 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыс тобымен  «Жолаушылар көлігін басқару орталығы»  ЖШС, «Энергоуправление» ЖШС, №17 орта мектеп, Кадет мектебі, № 7 және № 10 балабақшаларға және де Қарасу, Қоянды, Шиқылдақ, Ә.Марғұлан атындағы ауылдық округтерге шығу ұйымдастырылды.

Айжан Жұмабаева «Энергоуправление» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оң жұмыстарын атап өтті. Кәсіпорында  қазақ тілі кабинеті қыркүйек айында ашылып, жабдықталуы қазіргі заман талабына сәйкес жасалған екен. Жұмыскерлерді оқытуға 20 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінген.

            Тексерілген білім беретін оқу орындарында мемлекеттік тіл бағдарламасын жүзеге асыруда жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Ауылдық округтерде іс жүргізу екі тілде жүргізіледі, бірақ ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша кіріс-шығыс құжаттарының ара салмағы Ә.Марғұлан атындағы ауылдық округте 96,5 %, Шиқылдақ ауылдық округінде 83,4 % құрайды. Қала басшысы ауыл әкімдерінің бұл мәселеге басты назар аударуын талап етті.

          - «Жолаушылар көлігін басқару орталығы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде мемлекеттік тілді енгізу бағытында жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмейді. Іс қағаздары  ресми тілде жүргізіледі, көрнекілік ақпараттар Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына қайшы, яғни тек қана орыс тілінде ресімделген. Мемлекеттік тілді оқыту курстары қарастырылмаған, - деп мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы мәлімдеді.

           Мәжілістің барлық мәселелері қаралып, нақты тапсырмалар берілді.