Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Өзіңе мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық әлемін аш» тақырыбында зияткерлік ойыны өткізілді

Ағымды жылдың 24 сәуірінде «Ертіс – адалдық алаңы» және «КEDERGISIZ QYZMET» жобалары шеңберінде, сондай-ақ «Жастар жылын» ескере отырып Екібастұз қаласының колледж студенттері арасында «Өзіңе  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық әлемін аш» тақырыбында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесімен зияткерлік ойыны өткізілді.   

Аталған іс-шара жастардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында құқықтық сауаттылығын арттыруға,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алуға тартып, сыбайлас жемқорлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.  

Қазылар құрамында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі  А.К. Мусапирова, Мемкорпорациядан – А.А. Абильтаева және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің, «ЖасОтан» ЖҚ өкілі Г.Н. Арсютин қатысты.  

Конкурсқа ЕИТИК (Екібастұз инженерлік-техникалық  институтының колледжі), Екинеу (Инновациялық Еуразия университетінің  Екібастұз Колледжі),  ЕМК (Екібастұз Медициналық Колледжі), ЕПК (Екібастұз политехникалық колледжі), ЕГТК (Eкібастұз гуманитарлық-техникалық колледжі) студенттері қатысты.

 Конкурс қорытындысы бойынша:

1 –орынды ЕПК-ның студенттері иеленді,

2 –орынды  Екинеу студенттері,

3 –орынды  ЕМК-ның студенттері алды.

Конкурстың қалған қатысушылары да сыйлықсыз қалған жоқ.

«Көрермендермен Telegram-bot  иmgov мобильді қосымшасы арқылы электрондық қызмет алуды көрсету» конкурсында жүлдені  студенттер - А. Винокурова мен Ж. Женгулова иеленді.