Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Теміржол ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесуі

2013 жылдың 14 қазанынан бастап Екібастұз өңіріндегі ауылдық округтер әкімдерінің есеп берулері басталды.

19 қазанда  Теміржол ауылдық округінің әкімі Ерлан Қасенәлин ауыл тұрғындарының алдында округтің 2013 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беріп, ауылдықтарды 2013-2017 жылдарға арналған даму жоспарымен таныстырып өтті.

Есеп беру кездесу жұмысына Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Есеп беру кездесуіне 60 адам қатысты.

Кездесудің соңында мектеп директоры Несібелді Молдағалиева сөз алып, ауыл әкімінің жұмысына қанағаттанарлық баға берді.