Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Копеева Маржан: Жалдамалы пәтер

Құрметті Александр Федорович! Сізге Әуезов көшесі, 157-үй 4-подъезд тұрғындары шағым білдіреді. Біздің подъездегі 1-қабаттағы 44-пәтер жалға берілуде. Түнімен айғай-шу, төбелес, ұрыс-керістен ұйықтай алмаймыз. пәтер тәуліктік жалға беріледі. Шатыр жөндеу, домофон орнату сияқты мақсаттарға ақша жинағанда, пәтер иелерінен ақша алу өте қиын, бірақ екі күннің бірінде оларға ақша түсіп жатқанын білеміз.
Алдымен, осы пәтердің құжаттары дұрыс па, шынымен осы жалға беруші иелерінің меншігіне жата ма, осыны анықтасаңыздар екен. Екіншіден, олар жеке кәсіпкер ретінде салық төлей ме, сол жағына мән берсеңіздер. Олай болса, неге пәтер иелері жылуға, суға коммуналдық ақы төлемей жүр, коммуналдық қызметтер қайда қарап отыр шара қолданбай? Үшіншіден, түн ішінде осы пәтерде тыныштық болуын учаскелік инспектор қамтамасыз етіп, үнемі қадағалап отырсын дейміз. Құрметпен, Армия Әбілдин, Қымбат Бектемірова, Мая Омашева, Ләззат Жакупова, Медет Қадыров, және осы подъездің барлық тұрғындары

Құрметті Маржан!

 

         Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің сайтына түскен, 2013 жылғы 16 қазандағы электрондық өтінішіне келесіні хабарлаймын.

          Әділет басқармасының мәлімдеуі  бойынша Екібастұз қаласы Әуезов көшесі 157,  №44 пәтер 2009 жылғы 20 шілдедегі сатып алу-сату шартының негізінде Бахытжан Гали-Акбарович Касимовқа тіркелген.Коммуналдық қызметтері бойынша қарыздары төленбеуі туралы сұрағыңызға, заңнамаға сәйкес энергия жүйесімен жабдықтауы арыз берушіге тұтынушы мен қызметберушінің арасында шарт міндеттемесінің негізінде іске асырылады.

           ҚР «Элекроэнергетика» туралы Заңының 8 бабына сәйкес орталық және атқарушы органдар, сондай-ақ жергілікті сайланып қойылған органдар мен атқарушы органдар өндірістік-технологиялық ұйымның қызметіне қатысуға электрлі және жылу энергиясының өндірілуіне және берілуіне байланысты, құқылы емес.

           ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, Сіздің қабылданған шешімге шағым беруге құқығыңыз бар.

 

«Екібастұз  қаласы  әкімдігінің

ТҮКШ,  ЖК  және  АЖБ»  ММ

басшысы                                                                                             Қ. Қасенов