Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» семинары

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде қаламыздың Абай Құнанбаев атындағы №2 ЖОББ мектебінде  «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастырған  «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбындағы көшпелі семинар өтті. Көшпелі семинарға қала, ауылдық округ мекемелерінің қазақ тілі мұғалімдері, аудармашылары мен іс жүргізушілері, сондай-ақ    Екібастұз  қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы да қатысты.

Семинарды Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы, Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы – Ержан Төкенов, «Ана тілі» орталығының директоры – Шолпан Кинжикова жүргізді.

Өзекті мәселелерге байланысты өткізілген семинар қызықты өтті.

Соңында әр тыңдаушыға Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С.Османованың қолы қойылған сертификаттар берілді.

 

Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс

 және мониторинг бөлімінің

бас маманы                                                        С.Т. Асылханова