Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013ж.02.10. бастап 2013ж.09.10. дейінгі кезең аралығында «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» ММ күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     15 сағ.32 мин. екі күн ішінде жақында инсульт алған өзінің атасын көруге бірнеше рет келіп, оның екі күн телефонға жауап бермейтіндігі және есік ашпайтындығын хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құрал көмегімен сыртқы есікті ашты. Атасы бөлмелердің бірінде жерде жатты, жедел көмек қызметкерлерін шақырып, зардап шеккен атасын олардың қамқорына тапсырды.
2.     13 сағ.19 мин кішкентай қызы есікті ішінен ысырмаға жауып алғандықтан, өздігінен есікті аша алмайтындығы, және пәтеріне кіре алмайтындығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құрал көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.

3.     14 сағ.41 мин. мысығы агрессиялы күйде және өзіне секіретіндігі жөнінде хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Оқиға орнына жетіп, құтқарушылар мысықты ұстап алды және қапқа салып қожайынына әрі қарай ұйықтатып тастау үшін тапсырды.

4.     15 сағ. 01 мин. екі жасар қызы әжесін балконға жауып қойып, балкон есігін аша алмайтындығы туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, өрт сөндірушілер сатысымен, 9-қабаттың балконынан       10-қабаттың балконына мінді және арнайы слесарлық құралдың көмегімен балконның пластикалық есігін ашты. Зардап шеккендер жоқ.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-ші құтқару бөлімшісінің басшысы                                     Смирнов С.Ю.