Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пресс-релиз

Екібастұз қаласына 2019 жылғы 14 наурызда «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты»ММ –ге Әдеп жөніндегі уәкіл Ю.В.Фельдман және Павлодар облысының мемлекеттік, банктік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Н.К. Ауталипов жұмыс сапарымен келіп, 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Павлодар облысының әкімдігімен жасалған Келісім, «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ Әдеп жөніндегі уәкілмен жасалған Меморандум және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ және Жергілікті кәсіподақ арасында жасалған Келісімнің орындалуы туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің, «Нұр Отан» партиясы төрағасының азаматтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру тапсырмасы талқыланды.