Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шымкент қаласындағы ҚР ТЖМ кинологиялық есептер бойынша аттестатталуы

22.09.13ж бастап 29.09.13ж. дейін ҚР ТЖМ кинологиялық есептерді аттестаттау Оңтүстік-Қазақстан облысы Төле би ауданының Шымкен қаласында Бүргелікте өтті.

Осы аттестаттауға Екібастұз жасағының екі жас иттері қатыстырылды: Ромул атты және Брайт атты неміс овчаркалары.

Осы аттестаттауға барар алдында, жасақтың кинологиялық қызметінің жаттықтыру сабақтарының жоспарына сәйкес, күнделікті оқу кезеңдеріне шығу сабақтары өткізілді: «техногендік апат жағдайында зардап шеккендерді іздеу» және «табиғи апат жағдайында зардап шеккендерді іздеу», жасақтың кинологиялық полгонында «Тыңдаушлығын және икемділігін тексеру» кезеңінін өту үшін жаттығулар өткізлді. Дәл жолға шығу алдында барлық кезеңдерді өтеудің бақылау сынақтары өткізілді, иттер барлық кезеңдерді «бес» деген бағаға өтті, иттердің жұмысына ескертулер болмады.

Аттестаттаудың бірінші күнінде: екі итте «Тыңдаушылығын және икемділігін тексеру» кезеңін беске өтті. Ромул неміс овчаркасы 50 баллдан 46,25 балл, ал Брайт неміс овчаркасы 49,5 балл алды, екі итте сынақтан өтті.

Екінші күні «техногендік апат жағдайында зардап шеккендерді іздеу» кезеңі өтті, онда Ромул мен Брайт екі статистті қашықтықта тауып, «сынақ» алды.

Үшінші күні «Табиғи апат жағдайында зардап шеккендерді іздеу» кезеңі өтті, иттің екеуі де бақылаулы уақытта екі сатистті тапуып, «сынақ» алды.

         «А» классты аттестаттауы бар Юкса неміс овчаркасы, ТЖ аймағында іздестіру жұмыстарында тәжірибе алу үшін, сынақтан тыс аттестаттау кезеңдерін сәтті өтті. Кезеңдерден бос уақыттарында, барлық иттер оқыту-жаттықтыру сабақтарына қатысты.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысының ТЖБ

       Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

    кинологиялық қызмет басшысы                                      Г.А. Куценко