Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013 ж.25.09 бастап 2013ж.01.10. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел құтқару жасағы» ММ күшімен жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары

1. 09 сағ. 40 мин. 2 топтағы мүгедек пәтерде екенің, және сыртқы есіктің құлпы сынып қалғандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына жетіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.

2. 15сағ. 27 мин. «Семья» дүкенінің жанында 2 және 1 жастағы балалары автокөлікте жабылып қалғандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралмен көлікті ашты.

3. 19 сағ. 08 мин. жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті, ол сыртқы есіктін кілті жеңіліп қалғандықтан, үйіне кіре алмай тұрғандығы туралы хабарлады. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, пәтердің сыртқы есігін, үй есінің кілтімен ашып берді.

4. 21 сағ 00 мин. өлген адам денесінің ісі шығып тұрған көп қабатты үйдің бір пәтерінің сыртқы есігін ашуға көмектесу өтінішімен полиция қызметкерінен қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен, полиция қызметкерлерінің қатысуымен сыртқы есікті ашты. Бөлмелердің бірінен пәтер иесінің денесі табылды.   

5. 08 сағ. 56 мин пәтерде 2 жастағы және 1 айлық екі баласының қалғаны, сыртқы есіктің құлыпы желіңіп қалғандықтан, үйіне кіре алмай тұрғандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құрал көмегімен терезе торын шешіп, терезе арқылы пәтерге кірді және ішінен сыртқы есіктің құлыпын бұзып балалардың анасын кіргізді. Зардап шеккендер жоқ.

6. 10 сағ. 20 мин. жұмыс істейтін ұйымның аумағында күзет иті құдыққа түсіп кеткені және өздігінен шыға алмай жатқандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, ілмек көмегімен итті алып шықты.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондарына қоңырау шалуларыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

кинологиялық қызмет басшысы                                     Г.А. Куценко