Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының ЖҚЖ құтқарушыларының медициналық дайындығы

«ҚР ТЖМ Павлодар облысының ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ жедел-құтқару жасағы» ММ медициналық дайындық жоспарына сай, келесі тақырыптар бойынша сабақтар өткізілді: «термикалық күйіктерде АМК» және «Үсіктерде АМК».  

Жасақта өрттерде зардап шеккендерге көмек көрсетудің практикалық тәжірибесі көп жиналған, осыған байланысты дәрігерге дейінгі медициналық көмек тәсілдерін оқып білу қатынасы өте жауапты.

Жасақ құтқарушылары бірнеше рет өздерінің «парамедиктер» біліктілігін дәлелдеді.

Білім деігейін бақылау үшін, әрдайым тест өткізіліп тұрады, осы тақырып бойынша қорытынды  90% тең.