Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістері туралы түсіндіру

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі Заңы. Осы өзгертулермен жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне тең дәрежеде тұрғын үй берілу басымдылығы қарастырылған.

Қазақстан Республикасы  «Тұрғын  үй қатынастары туралы» Заңы 74-бабына сәйкес:   

   1. Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.

      2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:

      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

      1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;

      3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;

      4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, бөлек тізімдер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үйлер бөлуді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер бөлуді, егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бөлек тiзiмдердiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорында және (немесе) мемлекеттік мекемеде есепте тұрған, тұрғын үйге мұқтаждар тізімдерінің санына пропорционалды түрде жүргізеді.

        3. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.

      4. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы бар.

Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:

      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

      1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

      2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

      3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

      5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

      6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

      7) оралмандар;

      8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

      9) көп балалы отбасылар;

      10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары:

     11) толық емес отбасылар жатады.