Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы тұрғын секторларында өрттің  алдын алу бойынша  бірқатар кешенді іс-шаралар жүргізілуді. Өрт қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталып өткізілетін маусымдық іс-шаралардың бірі – өрт қауіпсіздігіне байланысты өткізілетін түрлі акциялар және сенбіліктер болып табылады.  

Өртке қарсы жұмыстарды инженерлік-инспекциялық қызметкерлер, ішкі істер органдарымен бірлесіп, пешпен жылытылатын тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары бойынша рейд жүргізеді.  Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайлары шектеулі өмір сүретін адамдармен (219 адам) жұмыс жүргізіледі, мүгедектер, жалғызбасты және қарт адамдар, мүгедектерді қоса алғанда, (69 адам) және көпбалалы отбасылармен (әлеуметтік көмек көрсетілетін 25 отбасы) жұмыс атқарылады.

Сонымен қатар жеке тұрғын үй секторлары өрт қауіпсіздігі саласында бақыланатын объект болып табылмайды, оған байланысты Екібастұз Төтенше жағдайлар департаментінің барлық іс-шаралары мейілінше кеңес  береді. Әрбір жеке меншік үй иесі өздерінің өрт қауіпсіздігіне өздері жауапты болып табылады.

Сондай-ақ, 2019 жылдың өткен кезеңінде өрт қауіпсіздігіне байланысты жүргізілген барлық іс-шараларға қарамастан, тұрғын үй секторында 5 өрт болды:

01.11.2019 ж Арқалық 26 көшесіндегі мекенжайы бойынша: өрт аумағы 15 шаршы метрді құрайды.  Өрттің себебі, электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау. Жапа шеккендер жоқ.

14.01.2019 жылы, Дуйсенбаева, 22 мекенжайы бойынша.  Моншаның шатыры өртенген,  өрт аумағы 4 шаршы метрді құрайды. Өрттің себебі пешті қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаудан. Жапа шеккендер жоқ.

19.01.2019 жылы,  Лермонтов көшесі, 9 пәтер мекенжайы бойынша, моншаның ағаш шатыры жанған, өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрайды Өрттің себебі пешті қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаудан. Жапа шеккендер жоқ.

25.01.2019 жылы, Гаврюшин көшесі- 66 мекенжайы бойынша, жер үй толығымен өртеніп кетті, өрттің аумағы  80 шаршы метрді құрайды.  Өрттің себебі электр құрылғыларын  қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаудан. Жапа шеккендер жоқ.

06.02.2019 жылы М.Жүсіп 37,  4 пәтер мекенжайы бойынша асүйде өрт болды. Өрттің аумағы 8 шаршы метрді құрайды.  Өрттің себебі - тоңазытқыштың қысқа тұйықталуынан. Жапа шеккендер жоқ.

Және бір көміртегі тотығынан улану жағдайы тіркелген:

10.01.2019 жылы, сағат 13-15 шамасында Екібастұз қаласы, Қарасор ауылы, Горный 43 көшесіндегі 3-пәтерде, жеке меншік жер үйде пеш жағу кезінде қатты отынды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік шараларының сақталмауы салдарынан көміртегі тотығымен уланып, жас бала мен ананың дәрігерлік көмекке жүгінгендігі туралы ақпарат келіп түсті.  

Тексеру жұмыстары барысында 1994 жылы туылған азамат, пешті жағу кезінде, пештің қақпағын ашпағандығы анықталды, бұл үйге түтіннің қайтарылуына әкеліп соққан.

Бүгінгі таңда  Екібастұздың Төтенше жағдайлар департаменті  «Мәселелерді болдырмау» әлеуметтік жобасының шеңберінде 16 көміртегі моноксиді детекторларын орнатқан. Детекторлармен Қызыл Жарты ай қоғамының Павлодардағы филиалы қамтамасыз етті.

Екібастұз қаласының ТЖБ

мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімі