Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пресс релиз

2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы аумағында келесі мемлекеттік қызмет көрсетулер үшін мемлекеттік баж көлемі анықталды:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортын дайындауға – 20 мың 200 теңге немесе 8 АЕК;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке төлқұжаты, уақытша жеке төлқұжатты дайындауға – 505 теңге немесе 0,2 АЕК;
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортына жазба (ата-аналарымен шетелге шығатын он алты жасқа дейінгі жастағы балалары туралы фотосурет жабыстырумен ақпарат) үшін – 252,5 теңге немесе 0,1 АЕК.
Қазіргі уақытта ҚР ІІМ әрекеттегі заңнамаға өзгерістер енгізу туралы бастама көтеріп отыр, ата-аналардың паспорттарына шетелге шығар алдында балалардың фотосуреттерін жабыстыруды тоқтату ұсынылған, алайда, бұл мәселе қазіргі уақытқа дейін шешімін таппаған.
Бұдан өзге, Республика аумағында құжат алуды жеделдету мүмкін болған:
- 3 (үш) жұмыс күніне дейін 1-санатты жеделдету бойынша облыстық орталықтар үшін төлем құны 4 мың 983 теңге, 5 (бес) жұмыс күніне дейін 2-санатты жеделдету бойынша төлем құны 2 мың 752 теңге;
- облыс аудандары мен қалалары үшін 7 (жеті) жұмыс күніне дейін төлем құны 1 мың 116 теңге болатын 3-санат анықталған.