Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2018 жылға талдаулық анықтама

Екібастұз қаласының әкімдігімен тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің 102 түрі көрсетіледі. 2018 жылы Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 75023 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Соның ішінде:

қызмет берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер-4957 (6,6%);

қызмет берушілермен қағаз нысанында көрсетілген (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда), «Электрондық үкімет» веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін қызметтер - 8584 (11,4%);

қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілгендер - 61482 (81,9 %).

Оның ішінде 72682 мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетілсе, 2340 мемлекеттік қызмет қызмет заңды тұлғаларға көрсетілді.

Есептік кезең ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 177 уәжді бас тарту берілді.

         Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына сәйкес 2018 жылғы наурызда әкімдіктің барлық мемлекеттік органдарымен көрсетілетін қызметтерді алушылардың қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есепті  ашық талқылау өткізілді.

   2018 жылы Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2018 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес есепті кезеңде қала әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы заңнаманың сақталуына қатысты 7  бақылау іс-шарасын жүргізді.

Бақылау іс-шараларының барысында 180 бұзушылық анықталды, оның ішінде 93 факті толық құжаттар топтамасын ұсынбастан мемлекеттік қызметтерді ұсыну 93 фактісі, стандартта қарастырылмаған құжаттарды талап етуге қатысты 49 факті, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін бұзу 6 фактісі (бизнес-процесстер), өзге де талаптарды бұзу 38 фактісі.

Тәртіптік жауапкершілікке 3 қызметкер тартылды:Екібастұз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.С.Сембин  сөгіс түріндегі, Шідерті кенті әкімі аппаратының бас маманы К.Х.Акажанова және ветеринарлық станцияның ветеринар технигі М.Б.Тойшибекова ескерту түріндегі.

Сондай-ақ, Мониторинг ХҚКО ЫАЖ жүйесінде мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Осылайша есептік кезеңнің қазан айында «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мерзімін бұзуға қатысты 1 бұзушылық тіркелді. У.Есеновадан келіп түскен өтінімді орындау мерзімі 2018 жылдың 5 қазаны, алайда көрсетілетін  мемлекеттік қызметтер нәтижесін ХҚКО филиалына «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2018 жылдың 8 қазанында ұсынған (3 күн мерзімін бұзумен).Бұзушылықтарға жол бергені үшін «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.С.Иманбеков сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

6036 тұрғынды қамтумен мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы 1034 түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.

Сандық сауаттылықты арттыру мен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үлесін арттыру мақсатында «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларына  оқыту іс-шаралары жүргізіледі. 2018 жыл ішінде мемлекеттік қызметшілер, білім, денсаулық сақтау саласының , өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері, студенттер, жастар, 9-11 сыныптардың оқушылары, ардагерлер,  ішкі істер басқармасының, мемлекеттік кірістер,  әскери комиссариат, сот, өртке қарсы бөлім, Қазпошта, банктердің  қызметкерлері мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары оқытылды. Оқыту барысында 1052 электрондық-цифрлық  қолтаңба (ЭЦҚ) алынды және «Мобильді азамат» базасына ұялы телефондар тіркелді.

Аталған кезеңде  «Мобильді ХҚКО» ауылдық елді мекендерге 29 бару ұйымдастырды, оның барысында 768 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«KEDERGISIZ QYZMET» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауда  «Теңмен тең -мемлекеттік көрсетілетін  қызметтердің 10 жәрмеңкесі»  (бұдан әрі-Жәрмеңке) ұйымдастырылды.

         Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша 216 электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) және 108  анықтама (мекенжай, жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы, тіркелген құқықтар туралы, сотталмағандығы туралы, зейнетақы аударымдары туралы және т.б.) анықтама, 542 кеңес берілді. Сонымен қатар, 173  көрсетілетін қызметтерді алушы «Электронды үкімет». Веб порталын пайдалану дағдыларына оқудан өтті.

         Екібастұз қаласы әкімдігінің 13 мемлекеттік мекемесі  орталықтандырыла орналастырылған Энергетиктер 62  көшесіндегі ғимаратта халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулердің ашықтығы мен қолжетімділігі мақсатында «Ашық әкімдік» жобасы іске асырылуда.

         Бірінші қабатта

-Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі»ММ

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ - «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі»ММ

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі»ММ сияқты өзекті қызметтер көрсететін уәкілетті органдар өкілдерін орналастырумен құжаттарды қабылдау, ресімдеу және беру мақсатында тұрғындар үшін бірыңғай алаң құрылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін көрсету үшін монитор орнатылды, электрондық қызметтерді өздігінен  алу үшін аймақ құрылды.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асырудан басқа білім беру ұйымдарында, «Өнер»ҚМО-да, қаланың орталық кітапханасында және Екібастұз өңірінің 11 ауылдық округінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың өздігінен  «Электронды үкімет»Веб порталына қолжетімділігі үшін өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Барлығы 82 өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы бар (51 қала, 31 ауыл).

Тұрғындардың мемлекеттік қызметтер көрсетуге қолжетімділік сапасына және мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдеріне қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында Екібастұз қаласының әкімдігі Қоғамдық кеңеспен бірлесіп мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдарға барды. Жұмыс тобының мониторинг нәтижесі қаланың қоғамдық кеңесінің  мәжілісінде қаралды.

Ата-аналардың  өз балаларын қосымша білім беретін үйірмелерге орналастыруға сұраныстарының өзектілігін ескере отырып ағымдағы жылдың қыркүйек айында қаланың барлық  қосымша білім беретін ұйымдарында «Ашық есік күндері»өткізілді. Оқытушылар балалардың қабілеттерін ескере отырып балалар мен ата-аналарына  үйірмелер  таңдауда  көмектесті. Нәтижесі бойынша   «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға 162 өтініш берілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандармен кездесулер өткізіліп, онда «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу                және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» қызметін алу тәртібі түсіндірілді.

Білім саласын цифрландыру шеңберінде ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді balabaghsa.sitcen.kz. және  mektep.sitcen.kz. бағдарламасы бойынша автоматтандыру пилоттық жобасы қосылды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша құқықтық жаппай оқыту өткізілді, оған мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар қатысты.

Есептік мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы»РМКК  Павлодар облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша   біліктілікті арттыру курсынан  12 мемлекеттік қызметші өтті.

2018 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

Екібастұз қаласы әкімі

аппараты басшысының

міндетін атқарушы                                                  Қ. Кәрімов