Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурсын өткізу туралы хабарландыру

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен өзгерістерін ескере отырып).

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары    

E-R-3 санаты үшін:

Жоғары білім;

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

       2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

       3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

       4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

       5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

       7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

E-G-3 санаты үшін:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңіргеніне байланысты жылдары

 

min

mах

E-R-3

96607,22

129920,05

E-G-3

69956,95

94108,75

 

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: sup.ae@pavlodar.gov.kz,  Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ Екібастұз қаласы бойынша жерге орналастыру секторының меңгерушісі, Е-R-3 санаты, индекс №02-11-01-3, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын іске асыру бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және жүргізу; жер телімдеріне сәйкестендіру құжаттарын ресімдеу мәселелерінде жеке және заңды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;  жер телімдерін беруге байланысты мәселелерді қарастыру бойынша комиссияға материалдарды дайындау;   сату-сатып алу шарттарын және жер телімдерін жалға алу шарттары мен уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарын ұйымдастыру мен қорытындылау және жасалған шарттардың талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалармен жер телімдерін жалға алу  келісім-шарттарын жасауды жүзеге асыру;  қаулы жобаларын жасау; жер телімдерін резервке қою бойынша ұсыныстарды ұйымдастыру мен дайындау; жер телімдерін қайта тіркелуін қамтамасыз ету, құжаттарды қайта ресімдеу; сәйкестендіру құжаттарын есепке алу және беру; жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын келісу; өз құзырындағы мәселелер бойынша жылдық есепті ұйымдастыру мен құрастыру; бөлімді  барлық ұйымдар мен мекемелерде, сонымен қатар азаматтардың құқықтық қатынастарынан шығатын басқа да салаларда ұсыну; Екібастұз қаласы бойынша жерге орналастыру  секторының жұмысын жетекшілік ету және бақылау; елді мекен аумағының жер-шаруашылығы құрылымы жобаларын жасау бойынша ұсыныстар беру; жер қатынастары мәселелерін жекекшілік ету; жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерінің орындалуына  бақылау жүргізу;  жерге орналастырудың, жер пайдаланудың барлық мәселелері бойынша кеңес беру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару; білім саласында; құқық саласында; ауыл шаруашылық ғылымдар  саласында; техникалық ғылымдар және технологиялар саласында: геодезия, құрылыс, картография, маркшейдерлік іс; қызмет көрсету саласында: жерге орналастыру, кадастр).

2. «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, E-G-3 санаты, индексі №03-02-01-3, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Заңды және жеке тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштері туралы есеп тапсырады және «Айкын» базасын жүргізуге жауапты. Әкімнің жеке қабылдауын ұйымдастырады. Мұрағаттық құжаттар мен мұрағатты қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Ведомстволық мұрағатқа түскен құжаттардың сақтауын ұйымдастырады және құжаттарды сақталуын қамтамасыз етеді. Іс жүргізудің дұрыстығын бақылау және оны қадағалауға жауапты. Әкім аппаратының тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарларын дайындайды. Әлеуметтiк жағынан әлсіз топтармен жұмыс атқарады. Үйде көмек көрсететін әлеуметтік қызметкерлерің жұмысын қадағалайды және жергілікті атқарушы органдардың шешімі  бойынша әлеуметтік төлемдерді алу туралы мәліметтерді  «Е-Собес» бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізу. Кент әкімінің мадақтаулары бойынша материалдар дайындайды. Жылына екі рет шаруашылық кітаптарын толтыруға және статистикалық есеп тапсыруға ықпалдасады. Кент әкімінің басқа да тапсырмасын орындайды.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына (әрі-қарай – Ереже) сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен өзгерістерін ескере отырып).

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамассыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар қатыстырылуына жол беріледі.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірбиесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй мекенжайында өтеді.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

     

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

      Мені_________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

       қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

            "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

            Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

            Қоса берілген құжаттар:

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

    ______________________________________________________________________________

    

            Мекен жайы және байланыс телефоны ________________________________________

     _____________________________________________________________________________

 

 

      ________                                          ____________________________________

       (қолы)                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

      "___"_______________ 20 __ ж.