Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Оқушылар экоаргороботты ойлап тапты

Екібастұз қаласындағы «Зерде» дарынды балаларға арналған мектебінің 10-шы сынып оқушылары Темірлан Байғожин мен Қажымұрат Хаммет физика пәнінің мұғалімі Мансұр Қалиевтің басшылығымен ауыл шаруашылығында табысты қолданылуы мүмкін көпфункционалды роботты ойлап тапты. Ол жерді жыртуға, егуге, жануарларды азықтандыруға, мал қорымдарын тазалауға, өнім жинауға, плантацияларды суаруға, арамшөптерді жинауға қабілетті. Сонымен қатар, экоагроробот бір уақытта бірнеше жұмыстарды орындай алады, мысалы, астық, майлы дақылдар, сүрлемге жүгері, бақша, жемістер, тамыржемістілер.

Қалалық білім бөлімінің ақпараты бойынша, өнертабыстың шағын үлгісі LEGO Mindstorms EV3 конструкторынан құрастырылған. Оқушылар өз жұмыстарын «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты облыстық ғылыми жобалар конкурсында қорғады. Осыдан кейін Екібастұзда іс-сапармен болған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың алдында өз жұмыстарын табысты ұсынды.

Экоаргороботты ойлап тапқан жас өнертапқыштар: «Біздің робот – әмбебап. Оның арқасында агрономдар көп техника мен отынды жұмсамай, өз уақытын, энергиясын, шығыстарын үнемдей алады. Экологиялық тұрғыдан ол қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірмейді», - дейді.

Айдана Айтуған,

Екібастұз қаласы

Павлодар облысы