Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз техникалық университеті Қазақстанның ТОП-20 жоғары оқу орнына енді

Сарапшылардың мәліметінше, Павлодар облысы түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыс істейтін студенттер саны бойынша екінші орында, жұмыс іздеу жылдамдығы бойынша төртінші орында, түлектердің орташа жалақысы бойынша тоғызыншы орында тұр.

Еліміздің жиырма үздік ЖОО-ын бағалау критерийлері: ЖОО-ның жұмысқа орналастырылған түлектерінің пайызы, жұмыс істейтін студенттердің саны, жұмысқа орналасу жылдамдығы мен тұрақтылығы, бітірушінің орташа жалақысы мен кешегі студенттің табысы тәжірибелі әріптестерінің жалақысынан ерекшеленеді.

Осы критерийлерге сүйене отырып, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жоғары оқу орындарын жұмысқа орналастыру тұрғысынан елдің ең табысты жоғары оқу орындарының ТОП-20-ы таныстырды. Бірінші бестікке Павлодар облысының екі жоғары оқу орны кірді. Рейтингте бірінші орынды Екібастұз техникалық университеті иеленді.

Айдана АЙТУҒАН,

Екібастұз қаласы