Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Темекі тарту кезінде абайсыз болу - өрттің себебі

Бұл  туралы Павлодар облысы ТЖ жөніндегі Департаменті теледидар экрандарынан, радио эфирлерінен және басылымдар беттерінен талай рет айтылып жүр. Бірақ болған өрттер мен адам өлімдерінің саны қарап бұл ескертулерге құлақ салып жүргендер шамалы. Осы себептен болған өрттердің саны кемігеннің орнына өсіп отыр. Сондықтан өрттердің темекі тарту кезінде абайсыз болу себебіне аса көңіл бөлінуі қажет.

Адамдар көбінесе  темекіні от алдырғаннан кейін сіріңкені немесе темекінің қалдығын қайда болса сонда тастап, тиым салынған жерлерде темекі тартып, темекінің қалдықтарын ағаштан жасалған бұйымдарға немесе отқа тие қалса жана кететін заттарға жақын қояды. Жатып темекі шегу өте қауіпті, әсіресе мас күйінде. Өкінішке орай ішімдікке салынған адамдардын  ұқыпсыздықтарынан болатын өрттер  көптеп  таралған. Болған оқиғалардың бәрі бір-біріне ұқсайды: мас қүйінде адам темекі тартуды бастайды, одан кейін ұйқыға батады, темекі төсек орынға, киіміне түседі. Одан кейін өрт болып, адам тұншықтырғыш газбен улана бастайды, соңы ажалға әкеліп соқтырады. 

Бұл жерде әр адам өзіне абайлаушылық пен сергектікті шынықтыру керектігін айта кету керек. Тағы да естеріңізге сала кететін жағдай ол – осы себептен болатын өрттердің  алдын алудың жалғыз-ақ  шарасы - отты қолданғанда қарапайым ережелерді сақтау болып табылады.

 

 

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы

Мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің аға инженері 

Е.Рогожина