Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала студенттерімен кездесу

Қала әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі «Жастар жылы» аясында ағымдағы жылдың 25 қаңтарында ЭКИнЕУ, ЕКИТИ, ЕИТИ, ЭПК студенттерімен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы біз не білеміз?» тақырыбында  кездесу ұйымдастырды. ХҚКО мен «Екібастұз қаласы әкімдігінің халыққа қызмет көрсету орталығы» КММ өкілдері шақырылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласындағы құқықтық сауаттылықтарын арттыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды насихаттау.

Іс-шара барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мемлекеттік қызметтерді «Электрондық  үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтерді алу жұмысы көрсетілді. Алынған ақпараттарды бекіту мақсатында осы тақырыптағы  бейнероликтер көрсетілді және жаднамалар таратылды.

Студенттерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтерден басқа «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді.