Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат

Екібастұз өңірінде «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы іске асырылуда.

          Бағдарлама шеңберінде негізгі қолдау құралдары: пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, ішінара кепілдеме беру, гранттық  қаржыландыру, жеткіліксіз инфрақұрылымды өткізу болып табылады.

         «БЖК-2020» МБ шеңберінде  2018 жылы Екібастұз қаласы бойынша жалпы 933,1 млн.теңге сомаға 34 жоба мақұлданды, соның ішінде:

-несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға жалпы   839,0 млн.теңге сомаға 18 жоба мақұлданды;

- ішінара кепілдеме беруге жалпы 91,4 млн. теңге сомаға 15 жоба мақұлданды;

- мемлекеттік грант ұсынуға ЭКО материалдардан автотыстық пен жамылғылар өндіруге 2,7 млн.теңге сомасында мемлекеттік грант («Каз-Вита-Капитал» ЖШС) ұсынылды.