Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тұрғын үйлерді өрттен қорғайық!

Жылу беру кезеңінде пеш салдарынан өрт  негізінен жер үйлер, шаруашылық құрылыстар, моншаларда шығады. Қайғылы жағдайға негізінен пештердің түтін шығару жүйесі менпешке қызмет көрсету тәртібініңболмауынан, оларды пайдалану ережелері бұзылуынан душар болады. 

Статистикалық сандар 2018 жылдың 12 айы ішінде Екібастуз қаласы аумағында пешті салудағы және пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан 12 өрт болды. Жану жағдайлары ақауы бар пештердің  қатты қызуынан құрылымдарының бөліктеріне жылу әсерінен және түтін шығару жүйесінің бөлулерінің болмауы немесе жетпеуінен, пештің жағатын бөлігі мен құрылымдарының арасындағы нормативтік аралығының болмауынан болады.  Пеш жағудан шыққан өрттің жандыру көзі болып, жанып жатқан отын немесе қаракүйенің жалыны, жоғары теператураға дейін қыздырылған жағатын газдар, ұшқындар (қатты отынның жанып кетпеген бөлшектері), бықсып жатқан қөмір.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы пешті  салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу себебінен өрттерді болдырмау және олардан қайғылы зардаптар көрмеу үшін өрт қауіпсіздік шараларын естеріңізге салады: Пеш жағу маусымы басталар алдында жылыту құрылғыларының жағдайынтексеріп, керек болған жағдайда жөндеуден өткізіп, өңдеп және әктеп, пешқұдықтарын күлден тазарту керек. Әр пеште жеке түтін мойыны немесе құдық қарастырылуы қажет. Түтін мұржаларын балшық кірпіштен жасап, тігінен орнатып, қабырғасының қалыңдығы 120 мм болатындай етіп жобалау керек.Түтін мұржаларының биіктігі колосниктің торынан бастап мұржаның сағасына дейін  5 метрден кем болмауы керек.Пешті тек қана ересек адамдар жағу керек, пеш жағуды және жанып жатқан пешті қарауды балаларға немесе мас адамдарға тапсыруға болмайды. Жанып жатқан пешті  қараусыз қалдыруға немесе оны есігін ашып қойып жағуға болмайды. Пештің есігінің алдында еденге 50х70 см темір қаңылтыр қағу керек. Пештің  есігінен өртке қарсы қабырғаға дейінгі аралық 1250 мм ден кем болмауы қажет.

Қатаң тыйым салынады: Пешті бензинмен, керосинмен, соляркамен және басқадай жеңіл от алғыш заттармен тұтатуға, бұл өте қауіпті. Пешті қатты қыздыруға, жағу ұзақтығы 3 сағаттан аспауы керек.Пешке жиһазды, басқа жанатын заттарды жақын қоюға болмайды. Пеште және оған жақын жерде ағашты, киім-кешекті және басқадай жанғыш заттарды кептіруге болмайды.

 

 

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы

Мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің аға инженері 

Е.Рогожина