Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар

Шынында да, адамдар өртті ескермесе, ол зорлық-зомбылыққа ұшыратады. Көбінесе оттан  тұрғын үйлер, жеке гараждар мен ғимараттар зардапшегеді. Кейбір азаматтардың отқа немқұрайлы қарағандықтарынан  пәтерлердегі жиһаздар, құнды және жеке заттар өртеніп, адамдардың қаза болуына әкеледі.

Айта кететіні, көптеген жағдайларда өртке кінәлі тұлғалар – бұл денсаулықтары шектеулі  адамдар (масс күйінде, ақыл-ой ауруымен, жастайынан денсаулықтары нашар, балаларойыны және т.б.), көп қабатты ғимараттарда өмір сүреді, яғни олардың әрекеттері көптеген адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Бұл  өрттің санын көбейтуге әкеледі.

Сонымен 2019 жаңа жылдың екі аптасында өрт сөндіру қызметінің қарауыл кезекшілері өрт оқиғасына 16 рет шықты, оның ішінде екеуі өрт. Павлодар облысы бойынша 5 адам қайтыс болды деп тіркелді, оның үшеуі жаңа жылды қарсы алатын түні қайтыс болды.

Осыған байланысты Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы жергілікті полиция қызметкерлермен әлеуметтік қауіпті тобына жататын тұлғалардың тұрғылықты жеріне рейд жүргізді.

Бүгінгі күні 47 адам қамтылған 4 рейд жүргізілді.Рейд жасау барысында  қызметкерлер осы санаттағы адамдармен өрт қауіпсіздігі туралы ережелерін түсіндіріп, ескерту парақшаларын таратты.

Бұл рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

 

                                                          Екібастұз қалалық

ТЖ басқармасы Мемлекеттік өрт қадағалау бөлімі