Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының әкімі Н.К. Әшімбетовтің қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінің баяндама тезистеріне ақпарат

2018 жылы Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында айтылған, мақсаттар мен міндеттерді және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталды.

ӨНЕРКӘСІП

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіпте 594,0 млрд.теңге сомаға өнім өндірілді, нақты көлем индексі  (бұдан әрі – НКИ) 105,4% құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 346,6 млрд.теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 101,0%.

Көмір кеніштерімен  64,5 млн. тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4% көп.

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 54,7 млрд.теңгені құрады, НКИ – 111,5%.

Электрмен жабдықтауда өндірілген өнім көлемі 189,1 млрд.теңгені құрады, НКИ– 118,4%.

Қаланың электр стансаларымен 24,6 млрд. кВтс электр қуаты өндірілді, бұл 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айларынан  21,2% артық.

Сумен жабдықтау саласында өндірілген өнім көлемі  3,4 млрд.теңгені құрады, НКИ - 107,2%.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 149,4 млрд.теңгені құрады, бұл облыстың көлемнің 31,6% құрайды.

Салымдар құрылымында ең көп үлес салмағы кәсіпорындардың меншікті қаражаттары – 87,3 млрд.теңге, салалық құрылымда – тау-кен өнеркәсібі – 45,9 млрд.теңге.

Индустриализация картасы шеңберінде өткен жылы жалпы 65,4 млрд.теңге сомаға екі инвестициялық жоба аяқталды. Оның ішінде:

- «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ - №2 циклды-үздіксіз аршу кешенінің құрылысы, жалпы инвестиция көлемі 11,3 млрд. теңге. Өндірістің ашылуы өткен жылғы қыркүйек айында еліміздің Премьер-министрі Б.Ә. Сағынтаевтың қатысуымен болды;

- «Проммашкомплект» ЖШС - темір жол мақсатындағы доңғалақтарды өндіру бойынша кешен, қуаттылығы жылына 200,0 мың дана доңғалақ өндіру, жалпы инвестиция көлемі – 54,1 млрд. теңге. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен телекөпір режимінде кешен 11 желтоқсанда пайдалануға берілген. 

Жоғарыда айтылған кәсіпорындарды іске қосу нәтижесінде  460 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жалпы негізгі капиталға  инвестицияларды тарту қала әкімдігі қызметінің басымды бағыты болып отыр. Осыған байланысты өткен жылы басқа да жобалар енгізілген болатын: 

- «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ - «Восточный-2 карьерлік алаңды аршу». Инвестиция көлемі – 3,5 млрд.теңге;

- «БНКА Энерджи» ЖШС - жаhандық цифрландыру шеңберінде криптовалюта өндіру бойынша майнингілік ферма ашу. Инвестиция көлемі – 3,0 млрд.теңге. Кәсіпорын 30 МВт электр қуатын тұтынады;

- «Ферра Транс Трейд» ЖШС - «Проммашкомплект» ЖШС кәсіпорнына төмендетілген қосалқы станса құрылысын салу, инвестиция көлемі – 2,6 млрд.теңге.

Жақын болашақта  келесі  инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған, бұл көмірді жердің бетіне тасымалдау үшін авто-конвеерлік технологияны орнату («Богатырь Көмір» ЖШС), майнингілік ферма құрылысы ( «Global Inter West»), дата – орталығы («БНКА Энерджи»), күл-қоқыс қалдықтарын өңдеу және микросфераны жинау бойынша кешен («МАЭС - 1» ЖШС, «МАЭС – 2» АҚ) және т.б.

Инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында ірі сауда объектілерінің құрылысы жоспарлануда: аквапарк, «Магнум» сауда орталығы, мұз сарайы.

Жоғарыда айтылған барлық жобалардың іске асырылуына қарай қосымша 30,0 млрд.теңгеден аса тартылатын болады.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ САУДАНЫ ДАМЫТУ

2018 жылдың қорытындысы бойынша 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қолданыстағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3%-ға артты және 7,9 мың бірлікті құрады.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы 933,1 млн. теңге сомаға 34 жоба мақұлданды.

2018 жылы «AKVA med» медициналық орталығы, «Maxi Mall» СОО ғимаратындағы гастромаркеті, «Светофор» дүкені, «Mer Aman»  және «ALATAU» мейрамханалары, караоке әрі спорт барлары, «Pegas» АЖҚС және т.б. бизнестің жаңа объектілері ашылды.

«Думан» сауда үйін (Энергетиктер көшесі, 81) қайта жаңарту, «Рубиком» сауда үйінің (Энергетиктер көшесі,14) және офистерімен 2 қабатты дүкеннің (Энергетиктер көшесі, 37/1) және т.б. құрылысына қатысты жұмыстар жалғасуда.

Тұрғындардың сатып алушылық қабілетін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі бөлшек сауда айналымы болып табылады, есептік кезеңнің қорытындысы бойынша ол 57,4 млрд. теңгені, НКИ – 104,4% құрады.

Азық –түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында 2018 жылы 32 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, 97,0 млн.теңгеден астам сомаға өнім сатылды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 10,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы деңгейден 14,6%-ға жоғары.                   НКИ-106,3%.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік көлемі 15,7 мың га құрады.10,7 мың га суармалы жер пайдаланылуда, соның ішінде 0,2 мың га 2018 жылы пайдалануға берілді.

Бидайдың орташа шығымдылығы гектарына 9,0 центнер болса, астық жинаудағы үлес салмағы 6,3 тоннаны құрады.

Картоп 22,7 мың тонна (орташа өнімділік – 244 ц/га), көкөніс – 6,2 мың тонна (орташа өнімділік-250 ц/га) жиналды.

Аймақ бойынша барлығы 163,8 мың га шабындық алқап шабылды (100,0%), 86,8 мың тонна шөп дайындалды (102,3%).

Мал шаруашылығында шаруашылықтың барлық санаттарында қаңтар-желтоқсан айларында тірі салмақта 5,6 мың тонна ет (102,7%), 22,6 мың тонна сүт (100,2%), 2,1 млн.дана жұмыртқа (89,8%) өндірілді.

Ірі қара мал 36,3 мың басты (2017 жылға 105,8%), қой – 33,4 мың басты (116,4%), ешкі – 4,8 мың басты (100,0%), жылқы – 19,3 мың басты (117,0%), құс – 20,6 мың басты (109,9%) құрады.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында есепті кезеңде қаржылық қолдау қоры және агрокредиттік ұйымдар арқылы 32 жобаға жалпы 135,2 млн.теңге сомаға несие берілді.

Жыл басынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жалпы 172,5 млн.теңге сомаға 12 бірлік жаңа техника және 19 бірлік құрал-жабдықтар сатып алды.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылдың 12 айында 40,7 млрд. теңгені, НКИ – 130,6% құрады.

Жалпы қаңтар-желтоқсан айларында жалпы алаңы 57,5 мың кв.м. тұрғын ғимарат пайдалануға берілді, бұл 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге артық.    

2018 жылы жалпы 9 және 21-шағынаудандарда бюджеттік қаражат есебінен 498 пәтерден тұратын көп пәтерлі 7 тұрғын үй салынды, оларды өткізу «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының тетіктері арқылы жүргізілуде.  

Солнечный кентінде 40 пәтерге шақталған алаңы 1,9 мың кв.м. тұрғын үйді қайта жаңарту іске асты, олар кезекте тұрғандарға, соның ішінде жетім балаларға берілді.

«Байтерек Девелопмент» АҚ-мен салынған Энергетиктер көшесіндегі жалдамалы тұрғын үй - көп қабатты тұрғын үйдегі 180 пәтерді бөлу жұмыстары басталды. 

Жеке меншік инвестициялар арқылы «ЕЭК» АҚ–мен 70 пәтерлі баспана пайдалануға берілді және пәтерлер кәсіпорын қызметкерлеріне бөлінді. Сондай-ақ, «Проект Мир» ЖШС меншікті қаражаты есебінен 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.   

Қазіргі уақытта 22-шағынауданда жалпы 4,8 млрд.теңге сомаға ИКИ өткізумен 9 қабатты бес тұрғын үйдің құрылысына қажетті ЖСҚ және сараптама қорытындысы алынды. Ағымды жылы бес үйдің біреуінің құрылысы басталатын болады.

ЖТҚ құрылысын дамыту үшін қаланың 23-шағынауданында су құбыры мен электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысына қатысты жұмыстар аяқталды, 207-208 кварталдарда және ипподром ауданында электрмен жабдықтау желісінің құрылысы жалғасуда. 

Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау өзекті мәселе болып отыр. Бүгінгі күні орталық сумен жабдықтаумен 8 АЕМ (29%) қамтамасыз етілген, КБМ қондырғысынан тазартылған суды пайдаланатындар – 9 (32%), жергілікті су көздерін пайдаланатындар - 6 (21%), тасымалданатын сумен қамтамасыз етілгендер – 5 (18%).  

Ағымды жылы Шиқылдақ а., Бозшакөл а. және Төртүй  а. жалпы  551,3 млн. теңге сомаға ұзындығы 29,1 км. су құбыры пайдалануға берілді. Бозшакөл және Төртүй ауылдарында су құбырларын іске қосу ағымды жылдың көктеміне жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 2018 жылы Ақкөл ауылында 239,3 млн. теңге сомаға, Қарасор және Құлакөл ауылдарында 739,4 млн. теңге сомаға су құбырының құрылысына қажетті жобаларды іске асыру басталды. Аталған объектілерді осы жылы іске қосу жоспарда. Бұл ретте, Ақкөл а. 124,3 млн. теңге сомаға су құбырын өткізу жоспарланып отыр.

Байет, Тай, Бесқауға және Құдайкөл ауылдарында 4 су құбырының құрылысына биылғы жылы 816,8 млн. теңге бөлінді. Аталған жобалардың іске асуын ескергенде АЕМ орталық сумен жабдықтаумен қамту көрсеткіші 47%-ға дейін артатын болады.

Сондай-ақ, Зеленая Роща және Сарықамыс ауылдарында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, Ә. Марғұлан атындағы ауылда су құбырын қайта жаңартуға жоба дайындалуда.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2018 жылдың қорытындысына қарағанда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың көрсеткіші 77,5% немесе 183,5 км. құрады.

Аталған нәтижеге жалпы ұзындығы 61,1 км жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен қол жеткізілді, оның ішінде аудандық маңызы бар – 36,9 км.

 (Пішембаев көшесінен Абай көшесіне дейін) Б. Момышұлы көшесіндегі жолды қайта жаңарту ішінара орындалды.

Жалпы ауданы 28,1 мың ш.м. қала автожолдарын тегістеу орындалды.

3 жол өтпесіне жөндеу жүргізілді.

2018 жылы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық ұстау бойынша іс-шараларды өткізуге 716,4 млн.теңге бөлінді.

 20 ауланы асфальттау жүргізілді, 850-ден астам шағын және сәулет нысандары (орындықтар, жәшіктер, түрлі сәндік мүсіндер), 10 балалар ойын кешендері жөнделді және орнатылды.

Көгалдандыру бойынша іс-шаралар аясында бір мыңнан астам ағаш пен бұта, 20,0 мың көшет отырғызылды, 4,0 мың шаршы метрден астам гүлзарлар отырғызылды.

23,0 мың текше метр рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды.

Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту үшін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды сәндік көмескі жарықтандыру орындалды.

Көпқабатты тұрғын үйлердің, перзентхананың қасбеттері жаңартылды.

"Өнер" ҚМО жанындағы субұрқақ қайта жаңартылды, "Шахтер" қалалық мәдениет және демалыс саябағында ашық бассейн және амфитеатр пайдалануға берілді.

 Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 413 жол белгісі ауыстырылды, мектептер маңында 38 стробоскоп, қаланың ІІБ кезекші бөліміне қосылған 45 көше-бейнебақылау камерасы орнатылды.

Энергия үнемдейтін технологияларды қолдану арқылы жарықтандыру жүйесін жақсарту да жұмыстың басым бағыты болып табылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ұзындығы 80 км аса электр берілістің оқшауланбаған әуе желісін оқшауланған желіге ауыстыру, газбен зарядталатын 3,5 мың дана шамды жарықдиодты шамдарға ауыстыру,   сыртқы жарықтандыруды автоматты түрде басқаратын 61 шкаф орнату жұмыстары аяқталды.  

Жеке сектордың 18 көшесіндегі сыртқы жарықтандыру қалпына келтірілді. Аулаларда балалар мен спорт алаңдарын тегіс жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі үшін 20,0 км астам жылумен және 17,5 км сумен жабдықтау, әрі су бұру желілері жөнделді.

№9 және №12 екі кәріздік сорғы стансасын, дренаждық-сорғы стансаларын, 19 шағынаудандағы су құбырын, №51, 53, 82 орталық үш жылу бекетін қайта жаңартуға қатысты жұмыстар жүргізілді, №311 ОЖП – де жұмыстар жалғасуда.

Өткен жылдың желтоқсан айында ҚТҚ көму полигоны аумағында қайталама шикізатты (пластик, қағаз, шыны) өңдеуге және нығыздауға мүмкіндік беретін қатты тұрмыстық қалдықтарды ұтқыр сұрыптау орнатылды. Бұл шара халыққа қызмет көрсету тарифтерінің 5% - ға төмендеуіне ықпал етті.

Тұрғын үй инспекциясы 14 тексеру жүргізді, 40 объектіні тексерді, тұрғындардың 160 жалпы жиналысына қатысты.

Қалада 668 көпқабатты тұрғын үй бар, оларға 36 сервистік ұйым қызмет көрсетеді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша басқару органы жоқ 10 үйге қызмет көрсететін ұйым белгіленді, 17 үйде ұйымды ауыстыру іске асты.

Жылыту маусымына дайындық барысында үйлердің жалпы санынан алғанда 173 үй дайындық актісін, 412-сі комиссиялық тексеру актісін алды.

Көпқабатты тұрғын үйлерге орнатылған жылу есептегіштер саны 549 бірлікті (62,5%) құрады, оның ішінде 464 құрал қашықтықтан жинақтау және мәліметтерді беру  құралдарымен жарақтандырылған.  

Өткен жылдың соңында көпқабатты тұрғын үйлердің кірешек алдына және кірешек ішіндегі алаңдарына 117 жарықдиодты шам орнату жұмысы жүргізілді, 2019 жылы 2,0 мыңнан астам дана орнату көзделіп отыр.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пәтер меншік иелері 25 көппәтерлі тұрғын үйге бейнебақылау камераларын орнатты. Аталмыш жұмыс қаланың ІІБ Жедел басқару орталығының пультіне онлайн режимінде мәліметтерді берумен 2019 жылы да жалғасын табатын болады,   

Тұрғын үйді жаңғырту бойынша 4 көпқабатты тұрғын үйге  140,6 млн.теңге сомаға жөндеу жүргізілді, 2019 жылы 10 объектіні жөндеуге тиісті өтінімдер қабылданды.  

Өткен жылдың қыркүйегінен бері «Екібастұз – ақылды үй» мобильді қосымшасы әрекет етеді, қала тұрғындары  соның шеңберінде ПИК-ке онлайн режимінде өтінім бере алады, жөндеу жұмыстары туралы мәлімет, қаланың коммуналдық кәсіпорындары туралы ақпарат ала алады.

        ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

        Екібастұз өңірінің жалпы алаңы 1887,6 мың га құрайды, соның ішінде ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлер – 697,0 мың га.

2018 жылы 12,1 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық алқаптары анықталды, соның ішінде сот бойынша мемлекет меншігіне қайтарылғаны – 1,3 мың га, пайдаланыла бастағаны – 10,8 мың га.

2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдаланылмайтын жерлердің алаңы 3,1 мың га, олардың иелері жер салығын 10 есе арттырумен төлеуге тартылған.

Пайдалану құқығынан өз еркімен бас тарту жолымен жалпы алаңы 24,3 мың га болатын 32 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

2018 жылы ауыл шаруашылғы айналымына 46 мың га (бұрын жер қорында болған және жер пайдалануға берілмеген) ауыл шаруашылық алқаптары енгізілген, соның ішінде конкурстық негізде – 30,7 мың га, конкурстан тыс – 15,3 мың га.

Жалпы алаңы 4,61 мың га болатын 12 телімнің жалдау құқығын сату бойынша 4 аукцион өткізілді.

Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларында 176 мың га алаңда 97 ауыл шаруашылығы құрылымы бар. 

БЮДЖЕТ

2018 жылы мемлекеттік бюджетке 30,6 млрд.теңгеге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер немесе жоспардан 103,3% түсті.

Қала бюджетінің шығындары 29,9 млрд.теңгеге немесе 99,94%-ға орындалды, игерілмегені -18,5 млн.теңге.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Әлеуметтік-осал топтағы азаматтарды қолдау үшін жалпы сомасы 398,2 млн.теңгеге мемлекеттік төлемдер және әлеуметтік қызметтер ұсынылды, оның ішінде:

- 931 аз қамтамасыз етілген азаматқа 43,6 млн.теңге сомаға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді;

- 1,5 мың аз қамтамасыз етілген отбасына 24,7 млн.теңге сомаға тұрғын үй көмегі ұсынылды;

- 9,8 мың адам санындағы жекелеген санаттағы азаматтарға 153,6 млн. теңге сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді;

- мүмкіндігі шектеулі 3,9 мың азаматқа 176,3 млн.теңгеге, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде – 86,7 млн.теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді.

«Қамқорлық» қайырымдылық айлығы шеңберінде 14,0 мыңнан астам әлеуметтік-осал топтағы азаматқа жалпы сомасы 63,6 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

2018 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасына  қатысушылар саны  812 азамат болды.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіптік білімі жоқ 164 қатысушы жаңа мамандық алды.

166 адам сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді қайта оқыту курстарынан өтті.

Екінші бағыт бойынша шағын несиелер 117,0 –ден 231,6 млн.теңгеге дейін ұлғайтылды.

39 адам бағдарламаны пайдалана отырып өз жобаларын іске асыра бастады.

Үшінші бағыт бойынша 208 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастырылды.

Қоныс аударушылар саны 38 отбасын құрайды, оның ішінде 162 адам.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

Жұмыспен қамту орталығына  668 адам тіркелген.

2018 жылы 3,7 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы – 3,0 мың. Ауыл бойынша 290 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 228-і тұрақты жұмыс.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 3,8 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тартылды, ол жоспардың 145,0%-ды құрайды.

2018 жылдың 3 -тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.

ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ

2018 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 2017 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 163,5 мың теңгені немесе 107,1% құрады.

БІЛІМ БЕРУ

Білім беру жүйесінде 45 мектепке дейінгі ұйым,  40 мемлекеттік жалпы орта білім беретін мекеме, 3 мектептен тыс мекеме жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі білім беру саласында үш жастан бастап 100%, бір жастан бастап 76,9%-ға дейін балаларды қамту қарастырылған, оның ішінде 100 орынды жеке меншік       2 балабақшаны ашу нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс  9,4%-ға арттырылды.

Жалпы орта білім беру жүйесінде жыл сайын оқушылар санының орта есеппен 600 адамға дейін өсуі байқалады. Қазіргі уақытта оқушылар контингенті 19,6 мың адамды құрайды.

Мектептердің компьютерлік паркі 3,3 мың бірлікті көрсетеді, 6,0 оқушыға бір компьютерден келеді. Барлық мектеп кең жолақты ғаламторға қол жеткізе алады. «Күнделік», «Bilimland» ақпараттық білім беру ресурстары, электрондық журналдар белсенді түрде қолданылады.

Өткен жылы қала мектептерінде үш IT сынып, 14 Teacher Office, 14 «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды.

ҰБТ-ның орта ұпайының артуына байланысты қала мектептерінің түлектері 249 білім беру грантына ие болды, яғни 2017 жылға қарағанда 27%-ға артып отыр.

Оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамту 100%-ды құрайды.

Өңір мектептерінде 1685 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 34%-ы жаңа ережелерге сай аттестаттаудан сәтті өтті және жалақыларына 30%-дан 50%-ға дейін тиісті қосымша төлем алады.

Білім беру жүйесінде нәтижелерге қол жеткізу тікелей қаржыландыруға байланысты.

6 мектепке жаңа модификациядағы кабинет пен зертханалық жабдықтар, 125 мультимедиалық жабдық, 193 компьютер, 8 жылыту қазандығы мен модульды қазандық  сатып алынды

        8 объектіге күрделі жөндеу жүргізілді, Зеленая роща ауылындағы Шідерті негізгі мектебіне жапсаржай салынды, Солнечный кентінде 420 орынды мектеп құрылысы салынуда, Горняков көшесінде 150 орынды балабақшаны қайта жаңарту жұмысы жалғасуда.      

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтау желісі 28 медициналық ұйымнан тұрады және онда 303 дәрігер мен 946 медицина қызметкері жұмыс істейді.

2018 жылы 2030 нәресте дүниеге келіп, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 2,2%-ға төмендеді.

Ана өлім - жітімі  тіркелмеді.

Жалпы өңірде 2018 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында туберкулезбен ауырғандар көрсеткіші -  13,7% (100 мың тұрғыннан 36,4 адам), қанайналымы жүйесі аурулары – 8,2% (100 мың тұрғыннан 2047 адам) төмендеуі байқалады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Екібастұз қалалық ауруханасының жанынан тұрғындарға қызмет көрсету үшін компьютерлік томограф орнатылды.

Перзентхана мен қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің корпустарына жалпы 344,9 млн.теңге сомаға күрделі жөндеу жүргізілді.

МӘДЕНИЕТ

Халықтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 3,2 мың шара өткізіліп, оған 400,0 мыңнан астам адам қамтылды. 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы, Естай Беркімбаевтың 150 жылдығы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 160 жылдығы, Мұса Шорманұлының 200 жылдығы, Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойларына арналған айтулы шаралар жыл бойы аталып өтті.

Атақты жерлесіміз, халық әншісі, сазгер Естай Беркімбаевтың мерейтойы аясында өткен жылдың маусым айында қалалық тарихи-өлкетану музейінде ақынның көрме залы ашылып, онда ақынның жеке заттары лайықты орын алды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай республикалық ақындар айтысы өткізілді.

Есепті жылы №3 және №6 кітапханалар құрамында екі  коворкинг – орталық ашылды.  

Достық Үйі мен Атығай ауылдық клубы күрделі жөндеуден өтті.

Жалпы мәдениет нысандарының күрделі шығындары 63,0 млн.теңгені құрады.

СПОРТ

Спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 46,0 мыңнан аса адамды немесе өңір тұрғындарының санынан 30,5%-ды құрайды.

Қалада 5 БЖСМ жұмыс істейді, оларда 6,0 мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер қамтылған 44 бөлім бар.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту 29,0% құрады, бұл жоспардағы деңгейден 1,5%-ға артық. Бұл қосымша 15,5 оқытушы - жаттықтырушы мөлшерлемесін енгізудің арқасында мүмкін болды.

        2018 жылы 44,0 мыңнан аса түрлі санаттағы  тұрғындардың қатысуымен 300-ден аса спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда аймақтың спортшылары 823 жүлделі (198 - бірінші, 280 - екінші, 345 - үшінші) орындарды иеленді.

Барлық түрлі меншіктегі спорттық нысандар мен ғимараттардың жүйесі 299 бірлікті құрайды, соның ішінде 84-і ауылда.

2018 жылы қала бойынша 6 жаңа спорттық нысан пайдалануға берілді:

- жасанды жабынмен жабдықталған екі шағын футбол алаңы (М.Жүсіп көшесі, 147 және Беркімбаев көшесі, 101 тұрғын үй ауласында);

- қазақ күресін дамыту орталығы (Королев көшесі, 82 «А»);

- «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының демеушілік есебінен стрит-воркаут, стритбол, хоккей корты, шағын футбол алаңы, көше тренажерлары, балалар ойын алаңдары бар екі әмбебап инклюзивті спорт алаңы (Мәметова көшесі, 67, Кеншілер көшесі, 30);

Алғаш рет көп жылдар ішінде облыстың қалалары арасындағы спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлерінен өткен облыстық Спартакиадада Екібастұз қаласының құрама командасы 1 - орынды иеленді.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 30,0 мың адамды немесе өңірдегі тұрғындардың жалпы санынан 21,2%-ды құрайды.

 Қалада жастар бастамаларын дамыту орталығы,  жас ғалымдар, мемлекеттік қызметшілер, жұмыс істейтін жастар кеңестері қызмет атқарады.

2018 жылы  колледждер мен ЖОО-ның 117 түлегіне арналып жастар тәжірибесі ұйымдастырылды, 46 адам  әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

«Дипломмен - ауылға» жобасының аясында облыстың  ауылдық елді мекендеріне 9 маман келді, 1,5 млн. теңге көлемінде көтерме ақы төленіп, тұрғын үй сатып алу үшін 14,4 млн. теңге қаржы бөлінді.

2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде  жастар қозғалысын дамытуға, жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған 6 жоба іске асырылды.

Жалпы алғанда 2018 жылы 22 мың адамды қамтыған  түрлі форматтағы 200 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

        ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

        2018 жылдың қорытындысы бойынша  жүргізілген жедел- алдын алу шараларының нәтижесінде тіркелген қылмыс саны 7,5%, оның ішінде қарақшылық 75%, тонаушылық 23%, көлікті құқыққа сыйымсыз иеленіп алушылық 48%, бұзақылық 43%-ға азайды. Жалпы алғанда ауыр және аса ауыр  қылмыстардың ашылу көрсеткіші 84,3% құрады.

        ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ АХУАЛ

        Қалада 13 этномәдени бірлестік, 29 үкіметтік емес ұйым қызмет атқарады.

        «Үздік әлеуметтік жоба» республикалық  конкурсының қорытындысы бойынша «Өмір» оңалту орталығы  жүлделі орынға ие болса, «Екібастұз» балалар қоры» ҚҚ Павлодар облысының үздік үкіметтік емес ұйымы болып танылды.

        «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өңірде 500 мыңнан аса адамды қамтумен 300–ден аса іс-шара өткізілді. 14 әлеуметтік жоба іске асырылды, оның ішінде Қ. Пішембаев мазары салынды, аутизм дертіне шалдыққан балалар үшін орталық ашылды.

        Жалпы алғанда Екібастұз өңіріндегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.