Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Қоянды және Құрылысшы ауылдарындағы көшелерді қайта атау туралы» шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Осы жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қоянды ауылдық округінің Қоянды және Құрылысшы ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 шілдедегі қорытындысы негізінде әзірленді.

Осы жобаны қабылдау жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды қажет етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары болмайды.

Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА https://legalacts.egov.kz. бөліміне орналастырылды.