Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізілді

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы «Нұр Отан» конференц залында өрт қауіпсіздігі және халықтың қыс мезгіліндегі іс-қимылдары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізді. Брифинг барысында Екібастұз қаласының ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің  бастығы Ж.М.Маймановпен Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Екібастұз қаласы және ауыл аймақтарында 2018 жылғы өрт қауіпсіздігінің қорытындысы бойынша ақпарат жеткізілді.

         Брифингте тәуекелділігі жоғары нысандарда өткізілген өрт қауіпсіздік тексерістерінің қорытындысы және болған өрттер жайында баяндалды. Екібастұз қаласының ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің  2018 жылғы қорытынды есебі бойынша: өрт қауіпсіздігі саласында 192 тексеріс өткізілді, оның 402-і өрт қауіпсіздік ережесін бұзған.

Өткен 2018 жылы Екібастұз қаласы және ауыл аймақтарында 83 өрт оқиғасы болды (меншік үйлер, пәтерлер, автокөліктер) және 350 өртену (ашық аумақтағы қоқыс, құрғақ шөп).

         Брифингті Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Д.М. Байсанбаев жалғастырып Екібастұз қаласының және ауыл аймақтарында Крещения мерекесіндегі әдет-ғұрып іс-шараларды өткізу кезінде жазатайым оқиға тап болмас үшін, қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі жөнінде әңгімелеп өтті. Брифингті  аяқтай келе ЭҚФ «Нұр Отан» партиясы аясында үнемі тұрақты түрде өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалыптасқан іс-шараларды да талқылап өтті.

Аталмыш брифинке ЭҚФ «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі Рахимжанова А.И., Қазақстан Республикасында РПЦ Иверско-Серафимовского соборы протоиерей Попов И.В., «Екібастұз МАЭС-2 Стансасы» АҚ АҚ және ТЖ штабының бастығы Набиуллин И.А., ШҚЖ бөлімшесінің басшысы Жандарбеков Б.М., әдістемелік – ұйымдастырушылық жұмыстары бойынша бас дәрігерінің орынбасары  Авутбаев А.Ж., жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Букаев Е.Ж қатысты.

         Бұл брифинг Екібастұз қаласының тұрғындарына ақпарат беру мақсатында өткізілді. Тілшілер қойылған сұрақтарына нақты жауаптар алды, брифинг Екібастұз қаласының барлық БАҚ қамтығандықтан әліде тұрақты түрде жалғасын табады.

 

 

 

Екібастұз қаласының

ТЖ басқармасы