Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жарықтандыру

Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі кәсіпкерлермен бірлесіп, азаматтардың қауіпсіз және жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында үйлердің аулалары мен кіреберістерін жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күні бұл жұмысқа 5 компания тартылып, олар пәтерден 350-ден 382 теңгеге дейінгі тарифпен үйішілік электр желілеріне сервистік қызмет көрсетуге келісім-шарт жасау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Энергетиктер көшесі 46, М. Жүсіп көшесі 20, Сәтбаев көшесі 8/1,2,3,4,5,6, Б. Момышұлы 117 мекен-жайлары бойынша жарық шамдары жаңартылды.

Жарықдиодты (энергия үнемдейтін) шамдарды орнату жалпы үй қажеттілігіне электр энергиясын тұтынуды төмендетуді қамтамасыз етіп, жарықтандыру шамдарының қызмет ету мерзімін ұлғайтады және үйлердің аулалық аумағы мен кіреберістерін жарықтандыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың қалауы бойынша жарықтандырумен бірге бейнебақылау жүйесін орнатуға болады.

Үй ішіндегі электр желілеріне сервистік ұйымдар қызмет көрсетпейтін, сыртқы және ішкі жарығы жоқ үйлердегі пәтер иелері мен ПИК басшыларының назарына сервистік қызмет көрсетуге келісім-шарт жасауды ұсынамыз.

Сервистік компаниялар:

«Домэнергосеть» ЖШС тел. 34-08-90, 75-05-00

ЖК «Gsmқазақстан» +77075382585