Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс

«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен өзгерістерін ескере отырып).

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары E-R-4 санаты үшін:

Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

          Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары E-G-3 санаты үшін:

Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары E-G-4 санаты үшін:

Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

         Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңіргеніне байланысты жылдары

 

min

mах

E-R-4

73288,23

99105,67

E-G-3

69956,95

94108,75

E-G-4

62461,56

84114,90

 

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: sup.ae@pavlodar.gov.kz,  «Б» корпусы төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ жұмыспен қамту  секторының бас маманы, Е-R-4 санаты, индекс №02-05-04-1, 1 бірлік (уақытша лауазым 2020 ж. 20 тамызға дейін, негізгі қызметкердің баланы күту бойынша демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Белгіленген стандарттарға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.  Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс жасау.  Сектордың құзырына қатысты мәселелер жөнінде тұрғындардың арасында түсіндірме жұмыстарын өткізу.Сектордың құзырына қатысты мәселелер жөнінде жоғары тұрған органдарға және түрлі мекемелерге, БАҚ-қа, жиналыстарға ақпарат дайындау. Өз құзыры шегінде жүктелген міндеттерді орындау үшін  кәсіпорындармен, ұйымдармен, әкімдіктің мемлекеттік мекемелерімен бөлімнің басқа секторларының мамандарымен және ведомствоға қарасты мекемелердің қызметкерлерімен  өзара жұмыс жасау. Қала тұрғындарын жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелері жөнінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және олардың іске асырылуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру.  Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету (мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды): жұмыс берушілермен белгіленген жұмыс орындарының квотасын орындау: мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін; мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлімінде іске асыру.Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды есепке алу және бақылау және олардың жұмыспен қамтылуына мониторинг. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушыларымен жұмыспен қамту орталығы атынан әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындауға бақылауды ұйымдастыру. Мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар бойынша  тоқсан сайынғы және ай сайынғы мемлекеттік статистикалық  есепті дайындау және Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына уақытында тапсыру. Жеке тұлғалардың өтініштерін «Еңбек нарығы» ААЖ уақытында енгізу. Бөлім басшысының, сектор меңгерушісінің тапсырмаларын орындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; қызмет көрсету саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (құқық саласында: құқықтану; қызмет көрсету, экономика және басқару саласында: (әлеуметтік жұмыс: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман); қолдану салалары бойынша ісжүргізу және мұрағатжүргізу: (хатшы-референт, ісжүргізуші, мұрағатшы); қаржы (салалар бойынша): қаржылық жұмыс жөніндегі экономист); есеп және аудит (салалар бойынша): бухгалтер, тексеруші-бухгалтер (аудитор), экономист-бухгалтер); экономика (салалар бойынша): экономист, еңбек бойынша экономист) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету секторының бас маманы, Е-R-4 санаты, индекс №02-05-03-1, 1 бірлік (уақытша лауазым 2021 ж. 26 қарашаға дейін, негізгі қызметкердің баланы күту бойынша демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Азаматтардың өтініштерін және хаттарын қағаз және электрондық түрде қабылдау және тіркеу, жеке өтініш жасаған кезде өтініш берушілерге талондар беру, басшаның жеке қабылдауын ұйымдастыру. Бөлімге түскен барлық бақылау құжаттарының орындалуына бақылауды ұйымдастыру және іске асыру, сонымен қатар жоғарыда тұрған органдардан, жоғарыда тұрған органдардың тапсырмалары мен актілерінің уақытылы орындалуын, Бөлім басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын, әкімдік отырысына, әкімдіктің регламентіне сәйкес қала әкімінің қатысуымен жиналысқа материалдардың уақытылы ұсынылуын. Бөлімге орындау үшін түскен өтініштер мен бақылау құжаттарының орындаушыларына апта сайынғы еске салуларды дайындау және жіберу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, бақылау құжаттарының орындалуына  күн сайынғы мониторинг. Бөлім басшысына атқарушы тәртіп бойынша ай сайын ақпаратты дайындап және тапсыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша статистикалық есептілікті құрастыру және тапсыру (ай сайын, тоқсан сайын, жылдық). Қала әкімінің аппаратына берілген талондар бойынша апта сайынғы есептерді дайындау және ұсыну. Бөлім қызметкерлерінің тиімділігін бағалау бойынша ай сайынғы жинақтау. Жоғары тұрған мемлекеттік органға жіберілген және басшының қол қоюына ұсынылған секторлармен дайындалған жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды, бақылау құжаттарының ақпараттарын алдын ала тексеру. Жастар тәжірбиесіне қабылданған түлектердің жеке істерін жасау, жастар тәжірбиесі бойынша жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу. Бөлімнің қызметшілерімен мемлекеттік тілді оқу бойынша жұмысты жүргізу. Секторлармен бірігіп Бөлімнің номенклатура ісін әзірлеу және жасау (жасау, жинақтау, басшымен бекіту, қажеттіліген қарай қалалық және облыстық мұрағат басқармасымен келісу). Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі басшысының, ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету секторы меңгерушісінің тапсырмаларын орындау. Сектордың құжаттарын уақытылы өңдеу және оларды Бөлім мұрағатына тапсыру. Өз құзыры шегінде қолданыстағы заңнамамен жүктелген басқа да қызметтерді іске асыру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; қызмет көрсету саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (құқық саласында: құқықтану; қызмет көрсету, экономика және басқару саласында: (әлеуметтік жұмыс: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман); қолдану салалары бойынша ісжүргізу және мұрағатжүргізу: (хатшы-референт, ісжүргізуші, мұрағатшы); қаржы (салалар бойынша): қаржылық жұмыс жөніндегі экономист); есеп және аудит (салалар бойынша): бухгалтер, тексеруші-бухгалтер (аудитор), экономист-бухгалтер); экономика (салалар бойынша): экономист, еңбек бойынша экономист) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ қорғаншылық және  қамқоршылық секторының бас маманы, Е-R-4 санаты, индекс №02-05-03-1, 1 бірлік.

              Функционалдық міндеттері: Бала етіп  алу, бала етіп (қызы етіп) асырап алуға жататын балалар мен жасөспірімдерді анықтауға,  бала етіп (қызы етіп) асырап алуға жататын балалардың есебін жүргізуге, бала асырап алуға үміткерлердің есебін жүргізуге бақылау жасайды.Бөлімнің бала етіп алуды ресімдеу үшін, бала етіп (қызы етіп) алу немесе бас тарту мәселесі бойынша   қажетті құжаттарын қабылдайды  және қорытынды жасайды, асырап алынған балалардың есебін жүргізеді. Бала етіп  алу, бала етіп (қызы етіп) асырап алуға жататын  балалар мен жасөспірімдердің   бала етіп (қызы етіп) асырап алынуына бақылау жасайды, бала етіп (қызы етіп) асырап алуға  жататын балалардың есебін жүргізеді, бала асырап алуға үміткерлердің есебін жүргізеді.Тастанды балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Ата-аналық құқынан айыру туралы қуыным жасау үшін, баланы ата-ана құқынан айырмай тартып алғаны туралы материалдар дайындайды, тартып алынған балаларды ата-аналарына қайтару мүмкіндігі және қайтару туралы  қорытынды жасайды, балаларды тәрбиелеу мәселесі бойынша ата-аналары мен туысқандары  және басқа тұлғалар арасындағы  келіспеушілікті жоюда шаралар қолданады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  (білім беру саласында; құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және  бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару),мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (білім саласында; құқық саласында) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ қорғаншылық және  қамқоршылық секторының бас маманы, Е-R-4 санаты, индекс №02-05-03-2, 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері: Өз өкілеттігіне  сәйкес жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарын, қала әкімі шешімінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарында тәрбие мәселесі  бойынша бағдарламалар мен  тұжырымдаманың орындалуын  бақылауды жүзеге асырады. Білім беру мекемелерінің құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, тәрбие жұмысы бойынша және көпшілік шараларды құқық қорғау органдарымен, атқарушы органдармен, «Қайнар» ББК-мен бірлесіп өткізуін үйлестіреді. Оқушылардың жазғы демалысын, шефтік жұмысын ұйымдастыру  бойынша   жұмысты  бақылайды. Тәрбие жұмысының түрлі аспектілері бойынша статистикалық есепті дайындауды жүзеге асырады, жоғары тұрған орындарға құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша талдау материалдарын  дайындайды. Тәрбие жұмысын бақылау бойынша білім беру мекемелеріне шығады. Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау бойынша қалалық Комиссияның тапсырмаларының орындалуы бойынша жұмыс жүргізеді, балалар  мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс бойынша ақпарат жинайды, мәліметтер жиынтығын құрады, мониторинг  жүргізеді. Қиын балалармен жұмыс бойынша бағдарламалар, ережелер, әдістемелік ұсыныстарды «Қайнар» ББК-мен бірлесіп әзірлейді. Психологиялық қызмет Орталығының жұмысын үйлестіреді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  (білім беру саласында; құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және  бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару),мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (білім саласында; құқық саласында) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ қорғаншылық және  қамқоршылық секторының бас маманы, Е-R-4 санаты, индекс №02-05-03-2, 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері: Өз өкілеттігіне  сәйкес жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарын, қала әкімі шешімінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарында тәрбие мәселесі  бойынша бағдарламалар мен  тұжырымдаманың орындалуын  бақылауды жүзеге асырады. Білім беру мекемелерінің құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, тәрбие жұмысы бойынша және көпшілік шараларды құқық қорғау органдарымен, атқарушы органдармен, «Қайнар» ББК-мен бірлесіп өткізуін үйлестіреді. Оқушылардың жазғы демалысын, шефтік жұмысын ұйымдастыру  бойынша   жұмысты  бақылайды. Тәрбие жұмысының түрлі аспектілері бойынша статистикалық есепті дайындауды жүзеге асырады, жоғары тұрған орындарға құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша талдау материалдарын  дайындайды. Тәрбие жұмысын бақылау бойынша білім беру мекемелеріне шығады. Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау бойынша қалалық Комиссияның тапсырмаларының орындалуы бойынша жұмыс жүргізеді, балалар  мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс бойынша ақпарат жинайды, мәліметтер жиынтығын құрады, мониторинг  жүргізеді. Қиын балалармен жұмыс бойынша бағдарламалар, ережелер, әдістемелік ұсыныстарды «Қайнар» ББК-мен бірлесіп әзірлейді. Психологиялық қызмет Орталығының жұмысын үйлестіреді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  (білім беру саласында; құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және  бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару),мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (білім саласында; құқық саласында) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша жерге орналастыру секторының бас маманы, Е-R-4 санаты, индекс №02-11-01-2-1, 1 бірлік (уақытша лауазым 2020 ж. 03 ақпанға дейін, негізгі қызметкердің баланы күту бойынша демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Нысаналы мақсаты бойынша жер телімін таңдау, нысаналы мақсатына байланысты жер телімін игеруді анықтау мақсатында жер телімдерін тексеруді өткізу,жер телімдерінің тексеру актісін жасау; жер телімдерін беруге байланысты мәселелерді қарастыру бойынша комиссияның қарастыруына материалдарды дайындау; жерді пайдалану мәселелерін қозғайтын схемалар мен жобаларды келісу; сату-сатып алу шарттарын және жер телімдерін жалға алу шарттары мен уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарын қорытындылау және жасалған шарттардың талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыру; жер құнарлығын арттыру, сақтау және  пайдалануын жақсарту мәселесі жөніндегі  іс-шараларды жүзеге асыру; жылдық есептемені құрастыру; ауылдық округтерде жер  қатынастарын жетекшілік ету; қаулы жобаларын жасау;  жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін орындау; бөлімді  барлық ұйымдар мен мекемелерде, сонымен қатар азаматтардың құқықтық қатынастарынан шығатын басқа да салаларда ұсыну;  жерге орналастырудың, жер пайдаланудың барлық  мәселелері бойынша  кеңес беру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару; құқық саласында; білім саласында; ауылшаруашылығы ғылымдар саласында; техникалық ғылымдар мен технологиялар: геодезия, құрылыс, картография, маркшейдер ісі; қызмет саласында: жерге орналастыру, кадастр), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі (құқық саласында: құқықтану; геология, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру саласында: маркшейдер ісі, геодезия және картография; ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология саласында: жерге орналастыру) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

7. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау және мониторинг жүргізу секторының бас маманы, Е-R-4 санаты, индекс №02-02-01-2-1, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын инвестициялық жобалар мониторингін жүргізу; мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындау; қала кәсіпорындарының негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер бойынша мониторинг жүргізу, қаланы дамыту серпініне талдау және мониторинг жүргізу; мемлекеттік-жеке серіктестік шегіндегі жобаларды дайындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында мамандықтар бойынша: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару; жаратылыстану ғылымдары саласында: математика), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-14-01-4-2), (уақытша лауазым 2020 ж. 1 қарашаға дейін, негізгі қызметкердің баланы күту бойынша демалысы кезеңіне), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері. Қоғамдық жастар бірлестіктерімен өзара іс-қимыл. Жастар ісі жөніндегі қалалық Кеңес, қаланың оқу орындарында және кәсіпорындарында жастар Кеңесі жұмысын ұйымдастыру.  Студент жастары еңбек жасақтары, полицияға жәрдемдесу жасақтары жұмысын ұйымдастыру. Жастар іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру және бақылау. Өз бағыты бойынша құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру. Өңірдегі жастар ахуалы мониторингі және талдауы. Ведомстваға қарасты мекемелер қызметін бақылау. Өңір тұрғындарын ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері. Бұқаралық ақпарат құралдарында және баспасөзде жарияланған  материалдар, шығарылымдар және бағдарламалар талдауы, БАҚ өзара әрекеттесу, мониторингі. Визуалды жарнама жағдайын  бақылау. Бақылаудағы құжаттармен жұмыс. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істі қарау; Мемлекеттік органдарда, сотта «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсыну.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (білім саласында: тәрбие жұмысын ұйымдастыру) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

9. «Екібастұз қаласының Сарықамыс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, E-G-3 санаты, (№03-11-01-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Әкімнің жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыру. Қабылдаушылардың есебін жүргізеді, оларды тіркеу. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерінің орындалуын тексеру және қадағалау. Стандарттар мен регламенттерге сай мемлекеттік қызмет көрсету. Сайлаушылармен жұмыс жасау.  Жұмыссыздарды есепке алу, мүгедектермен жұмыс. Мемлекеттік атаулы  әлеуметтік жәрдемақы, балалар жәрдемақысын тағайындау комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бөліміне құжаттарды уақытылы тапсыру. Абаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру. Өкілдердің және тұрғындар жиынын өткізуге дайындық жүргізу.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

10. «Екібастұз қаласы Төрт-құдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, E-G-4 санаты (№03-03-01-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Идеологиялық қамтамасыз ету мәселесі және визуалдық ақпараты бойынша жұмыс жүргізеді. Жаппай құқықтық білім беру. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерімен жұмыс. «Айқын» дерекқормен жұмыс жүргізеді. Қоғамдық ұйымның жұмыс бақылауын жүзеге асыру (Ардагерлер Кеңесі, әйелдер қеңесі). Мұрағат қалыптастыру бойынша және мұрағат құжаттарымен жұмыс жүргізеді. 

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.                      

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына (әрі-қарай – Ереже) сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен өзгерістерін ескере отырып).

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күн, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

        2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

        3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

        4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

          5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

           9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Осы Қағидалардың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың қызметтік тізімі, өтініш және құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй мекенжайында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және

саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылуы мүмкін.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

   Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

     

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

      Мені______________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

       қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

            "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

            Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

            Қоса берілген құжаттар:

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

     _____________________________________________________________________________

    ______________________________________________________________________________

    

            Мекен жайы және байланыс телефоны ________________________________________

     _____________________________________________________________________________

 

 

      ________                                          ____________________________________

       (қолы)                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

      "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 "Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата