Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ардагерді құттықтады

Бүгін, ұстаз,Ұлы Отан соғысының ардагері, қаланың құрметті азаматы Зейнолла Сүлеевтің туған күні. Биылғы жылы ол 94 жасқа толды.
Сүлеев Зейнолла 1925 жылы 10 қаңтарда Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. 7 сынып бастауыш білім алды. Бухгалтер болып жұмыс істеді. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Ол Украин майданының бірінші атқыштар дивизиясында соғысты.

1945 жылдың тамызында Жапон соғысына қатысты. 1948 жылдың сәуір айының соңында әскерден оралды.

Соғыс аяқталғаннан кейін 1949 жылы Ақкөл орта мектебіне мұғалім болып жұмысқа орналасты. 1951 жылы аудандық білім бөлімінің жолдамасы бойынша сырттай оқуға Павлодар педагогикалық училищесіне оқуға түсті.

1954 жылы 4 жылдық курсты бітіріп, мұғалім дипломын алды. Кейін үзіліссіз мұғалім болып жұмыс істеген. 

Туған күніңізбен құттықтаймыз! Шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт, отбасыңызға амандық тілейміз!