Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пресс-релиз

Қысқы демалыс аясында «Іскер әйелдер» қауымдастығы «Үміт» үйінің балаларына және аз қамтылған мен көп балалы отбасыларының балаларына арналған «Шыршалар» жаңа жылдық фильмінің көрсетілімін өткізді.

«Әлем» балалар сауықтыру орталығының жетекшісі Шаттық Ешмұратқызы: «Бұл акция Қазақстан әйелдер қауымдастығының бастамасымен «балаларға фильм сыйла» акциясы аясында өткізілуде.  Біздің қалада «Үміт» балалар үйі бар. Балалар әлі де қысқы демалыста, ертең жаңа тоқсанның басталуы. Сондықтан, оларды және көп балалы мен аз қамтылған отбасыларының балаларын шақырдық», - деді.

Жаңа жылдық фильмді көруге жалпы 46 бала келді, оның 36-і «Үміт» балалар үйінен. Фильм басында балалар попкорн және сусындар алып жақсы көңіл күймен фильм тамашалады.