Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №1182/12 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 6158 болып тіркелген

Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың

бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік

сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді анықтау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып  айқындалсын.

2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер анықталсын.

3. Тапсырыс берушілер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті құжаттардың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Г.Ш. Кадырбаеваға жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Екібастұз қаласының

           әкімі                                                  Н. Ашимбетов

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің

2018 жылғы «12» желтоқсандағы

№ 1182/12 қаулысына

1-қосымша

 

 

Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар,көрсетілетін қызметтер

 

р/с№

Атауы

1

Қалалық жергілікті атқарушы органдармен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) әдістерімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Егерде сатып алуға бөлінген лот сомасы (жоспар тармағы) үш  мың есе айлық есептік көрсеткіштен асса, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың есе айлық есептік көрсеткіштен артық болмаса, конкурс (аукцион) әдістерімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

 

  

Екібастұз қаласы әкімдігінің

2018 жылғы «12» желтоқсандағы

№ 1182/12 қаулысына

2-қосымша

 

 

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір

қаулыларының тізбесі

 

1. Екібастұз қаласы әкімдінің 2016 жылғы 29 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 215/3  қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4988 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған);

2. Екібастұз қаласы әкімдінің 2016 жылғы 05 тамыздағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 215/3 қаулысына толықтыру енгізу туралы» № 845/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5214болып тіркелген, 2016 жылғы 25 тамызда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған);

3. Екібастұз қаласы әкімдінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 215/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 63/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5368 болып тіркелген, 2017 жылғы 09 ақпанда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған);

4. Екібастұз қаласы әкімдінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 215/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 895/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6095 болып тіркелген, 2018 жылғы 08 қарашада «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған).