Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2018 жылғы және 2019 жылғы келешекке арналған Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі Б.Тасымовтың есебі ТЕЗИСТЕРІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік - Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында 2 елді мекен орналасқан, онда 596 адам тұрады, Төрт-Құдық ауылында – 273, Бозшакөл ауылында – 323; оның ішінде мүгедектер – 26 адам, еңбекке жарамды тұрғындар -335 адам, зейнеткерлер – 89 адам.

Бюджет. 2018 жылға жалпы бюджет 27 млн. 190 мың теңге мөлшерінде,оның ішінде ҚБШ-ға 5 млн. 800 мың теңге мөлшерінде түскен ақша қаражаты жергілікті бюджет 21 млн. 390 мың теңге:

1) 001 бағдарламасы бойынша – қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 13 млн. 653 мың теңге;

2) 022 бағдарламасы бойынша-мемлекеттік органның күрделі шығыстары-1 млн. 702 мың теңге (киіз үйлер мен үстелдер сатып алу);

3) 005 бағдарламасы бойынша – ауылдық жерлерде оқушыларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру-1 млн. 560 мың теңге;

4) 003 бағдарламасы бойынша – мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету-171 мың теңге;

5) 014 бағдарламасы бойынша – елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру-2 млн. 258 мың теңге;

6) 008 бағдарламасы бойынша-елді мекендердің көшелерін жарықтандыру - 1 млн. 225 мың теңге;

7) 013 бағдарламасы бойынша – аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету – 165 мың теңге;

8) 040 бағдарламасы бойынша-Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру – 656 мың теңге – Бозшакөл ауылында спорттық тренажерлер орнату.

Бөлінген қаражат 100% игерілді.

Жеке тұлғалардан төлем көздерінен салық салынбайтын табыстар бойынша жер салығы, көлік салығы, мүлік салығы және ЖТС үшін салықтардың жиналуы 1 млн.200 мың теңгені құрады; заңды тұлғалардан көлік салығы "KAZ Minerals Bozshakol (Каз Минералз Бозшакөл)" ЖШС-мен 4 млн. 600 мың теңгені құрады.

МӘМ ҚБШ түскен 5 млн. 800 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат жұмсалды:

1) Төрт-Құдық ауылындағы зиратты қоршауға 711 мың теңге сомаға;

2) 584,8 теңге сомасына қоршаумен спорттық тренажерлерді орнатуға;

3) Төрт-Құдық ауылындағы асфальт жолының ағымдағы шұңқырларын жөндеуге 1 млн. 200 мың теңге;

4) ұзындығы 11,5 км Шиқылдақ-Бозшакөл су құбыры объектісін күзетуге-240 мың теңге;

5) қурап қалған шөп шабу үшін шөп сатып алуға-74 мың теңге;

6) жерге орналастыру жобаларын (жолдарды) дайындауға – 130 мың теңге;

7) жолды ағымдағы жөндеуге-240 мың теңге;

8) халықтың әлеуметтік осал топтарына көмірді жеткізуге-240 мың теңге;

9) мұрағат құжаттарын жүргізу қызметіне-240 мың теңге;

10) Төрт-Құдық ауылында спорттық тренажер орнатуға-711 мың 700 теңге;

11) балалар алаңын жөндеуге-219 мың теңге;

12) балаларды мектепке дейін және кері тасымалдау бойынша Уаз жөндеуге – 200 мың теңге;

13) жолдарды қысқы ұстауға-200 мың теңге;

14) көшені бақылау бейнекамераларын ағымдағы жөндеуге – 42 мың теңге.

15) 2019 жылға ауыспалы қалдық-800 мың теңге.

Абаттандыру. Тұрғынүй-коммуналдық сала.

Әкімшілікайыппұл 13, ескерту – 16 салынды.

Төрт-Құдықауылдықокругінде 50 шаморнатылды.

Екі палисадникте, мешіт аумағында, сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне арналған Даңқ ескерткішінің алдында 160 көшет отырғызылды, оның ішінде 75 қылқан жапырақты ағаш отырғызылды.

Төрт-Құдық ауылында және 112-разъезде КБМ ауыз суын тазалау қондырғылары жұмыс істейді.

Бозшакөл ауылында сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау орталықтандырылған, тұрғындардықамту 80% құрайды. Орталық қазандық "Қабдыкаримов О.Ж.» ЖК сенімгерлік басқаруға берілді. Қазандық қанағаттанарлық жағдайда жұмыс істейді.

Құрылыс. Бозшакөл ауылында Ертіс-Қарағанды каналынан (Шиқылдақ ауылының ауданы) ұзындығы 11,5 км су құбыры салынды.

Жер қатынастары.Ауыл шаруашылық құрылымдарының саны 12 бірлікті құрайды, оның ішінде: шаруа қожалықтары 11, фермерлік шаруашылықтар -1. 01.01.2019 жылға ІҚМ – 1055 бас, ұсақ мал-1740 бас, жылқы-807. 2018 жылмен салыстырғанда мал басының өсуі ІҚМ 103 басқа, ҰМ – 260, жылқылар -118.

2019 жылға «Әмірхан» ШҚ, «Алан» ШҚ және жер пайдаланушы Р. Темірханов асыл тұқымды бұқаларды сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, МТЗ-82 тракторларын және шөп престеуге арналған жабдықтарды сатып алу үшін қажетті құжаттарды дайындайды.

2013-2017 жылдары әртүрлі көздерден сомасы 40,000 млн.теңгеге несие алынды.

 2019 жылы мал шаруашылығын өсіру бойынша 3 шаруа қожалығын ашу жоспарлануда.

Төрт-Құдық ауылдық округі бойынша "Е-Халық" базасына мәліметтерді енгізу-98%.

Округтің жер пайдаланушыларымен ішкі шаруашылық жобалар (жоспарлар) дайындалды-48%. Жұмыс жалғасуда.

Жер телімдерін цифрландыруды тіркеудің бірінші кезеңі округтің жер пайдаланушыларымен 96% жүргізілді.

Әлеуметтік сала.«Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің Байет ауылының «Чин Сан» көкөніс шаруашылығымен келісімі бойынша Төрт – Құдық ауылына жеткізумен көкөністер сатып алынды (қырыққабат – 1 тонна 200 кг, сәбіз – 1 тонна 60 теңгеден, картоп-1 тонна 400 кг 55 теңгеден). 55 теңге бағасымен мунципалдық базармен келісім бойынша 1 тонна 400 кг. пиязды жеткізу ұйымдастырылды.

Округ халқының әлеуметтік осал топтарына «Богатырь» разрезінен 115 тонна көлемінде қайырымдылық көмірді жеткізу қамтамасыз етілді.

Халықты жұмыспен қамту.Округтің еңбекке жарамды халқы «ҚТЖ «ҰК» АҚ және Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының әр түрлі учаскелерінде жұмыс істейді. «Uniserv» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұзындығы 50 км Торт-Құдық-Шідерті учаскесінде Астана –Павлодар республикалық маңызы бар жолының құрылысын және қайта жаңартуды аяқтауда.

Бозшакөл кен орнының аумағында орналасқан «САС Қазақстан» ЖШС кәсіпорнында, сондай-ақ Төрт-Құдық ауылының 112 разъезінде бос жұмыс орындары (жол монтері) бар.

«KAZ Minerals Bozshakol (Каз Минералз Бозшакөл)» ЖШС бас директоры С.В.ЛЕУ кәсіпорын базасында оқу комбинатын ашу туралы ұсыныспен хат жолданды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарда-2 адам.

 Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны-14, оның ішінде өнімсізөзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны-2.

Білім. 2 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 76 оқушы оқиды, мектептер Интернет желісіне қосылған. Мектеп жанында 2 шағын орталық жұмыс істейді, тәрбиеленушілердің саны 25 баланы құрайды. Мектептер орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған.

 Мамандар үшін Бозшакөл ауылында 2 жайлы пәтер және Төрт-Құдық ауылында пәтер бар.

«Мектепке тағзым» жобасы бойынша Төрт-Құдық жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Елтаев Азамат мектепке демеушілік көмек көрсетуде. Сонымен қатар, Төрт-құдық ауылының кәсіпкерлері – «Едилов» ЖК, «Сагинбекова» ЖК жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге және ыстық тамақпен қамтамасыз етуге демеушілік көмек көрсетті.

Мәдениет және денсаулық сақтау. Округте 2 ауылдық клуб, 2 кітапхана жұмыс істейді. Барлық мерекелік іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.

 Округте 2 спорт залы, 3 балалар алаңы бар, екі ауылда спорттық тренажерлер орнатылған (әр ауылда 7 жабдық атауы).

 2018 жылдың тамыз айында Ақкөл ауылында спорттық спартакиадаға қатысты.

Телефон байланысы бойынша 100% қамту. 4 ұялы байланыс операторы бар.

Округ тұрғындарымен «OTAU ТU» спутниктік телевизиялық байланыс антеннасын орнату туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні 74 антенна орнатылды.

Төрт-Құдық ауылының жергілікті қоғамдастығының ұсынысы бойынша және облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Ленин көшесі Қаныш Сәтбаев көшесі болып қайта аталды.

Денсаулық сақтау нысандарының саны 2 медициналық пункт, 2 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Ауыр науқасты жеткізу ауылдық округ әкімінің қызметтік автокөлігімен жүзеге асырылады.

Жастар саясаты. Бозшакөл негізгі жалпы білім беру мектебінде 3 маман жұмысқа орналасты: бастауыш сынып мұғалімі, қазақ тілі мұғалімі және орыс тілі мұғалімі. Мамандарға жайлы қызметтік пәтер берілді.

Инвестициялар. Кәсіпкерлікті дамыту. Ауылдық округ аумағында саудамен айналысатын 4 жеке кәсіпкер бар. Дүкендер түрлі халық тұтынатын тауарларды сатады. «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша ЖК «Родионов» Бозшакөл ауылында дүкен ашты (2 млн.теңге).

Ауыл шаруашылығы саудасы. Төрт-Құдық ауылдық округінің шаруа қожалықтарының басшылары Екібастұз қаласының ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қатысады.

         Мемлекеттік қызметтер. 2018 жылға барлық мемлекеттік қызметтер көрсетілді-16: жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру бойынша – 2, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою бойынша – 10, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну бойынша – 4.

Қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Атқарушы органдар қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп моральдық-психологиялық ахуалды, ауыл азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар өткізді, мемлекеттік және ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Төрт-Құдық ауылындағы мешіттің қызмет етуі бойынша.

 Жылу жүйесі толық ауыстырылды, көмір, отын жеткізілді. Төрт-Құдық ауылы тұрғындарының жиналған қаражатына мешітті ұстау, яғни коммуналдық қызметтерді төлеу, от жағушының еңбекақысы жүргізіледі.

         2019 жылға арналған міндеттер.Ауылдық округті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ-не Төрт-Құдық ауылындағы су құбырын қайта жаңартуға ЖСҚ дайындауға қажетті схемамен өтінім берілді.

2019 жылы Бозшакөл ауылында Вокзальная көшесінде ішкіауылдық жолдарды асфальттаумен орташа жөндеу жоспарлануда.

 

Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі                                   Б. Тасымов