Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысы Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылы елді мекендерді дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы ТЕЗИСІ

Әкімшілік орталығы.

Ақкөл ауылдық округі 3 елді мекеннен құралады: Ақкөл, Зеленая роща және Жақсат ауылдары.

Жалпы тұрғындар саны 2019 жылғы 01 қаңтарына – 1015 адам, мүмкіндігі шектелген мүгедектер жандар саны - 24 адам, жұмысқа жарамды тұрғындар – 600 адам, зейнеткерлер – 108 адам, мектеп жасындағы балалар саны 141 бала, шұғыл әскери міндетін өтеушілер саны 2, мектеп жасына дейінгі бала саны 91, студенттер саны 49 адамды құрайды.

Ауылдық округінің аумағы - 152,40 шаршы метр.

Бюджеттің орындалуы.

2018 жылға бюджет қаражатынан бөлінген жалпы соммасы – 32 184,1 мың теңге, оның ішінде субвенция - 29 475,1 мың теңге және жергілікті қолма қол бақылау шотына түсетін салық соммасы 2 709,0 мың теңге:

1. 001 бағдарлама. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге қаралған 13 895,6 мың теңге игерілді.

2. 003 бағдарлама. Мұқтаж адамдарға үйден әлеуметтік көмек көрсету қызметіне қаралған 545,1 мың теңге игерілді.

3. 005 бағдарлама. Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып бару және кері алып келуді ұйымдастыруға бөлінген 1 031,8 мың теңге игерілді.

4. 008 бағдарлама. Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға бөлінген 1 750,0 мың теңге қаражатқа пайдаланған электр қуатына, көше жарғымен қамтамасыз ету қызметіне, көше шамдарын, диодты жарық шамдарына ауыстыруға 100 пайыз игерілді.

5. 011 бағдарлама. Елді мекендерді көріктендіру және абаттандыру бойынша 3 498,0 мың теңге иегерілді.

6. 013 бағдарлама. Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бөлінген 733,0 мың теңге қаражат игерілді.

7. 014 бағдарлама. Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру бойынша қаралған 5 157,8 мың теңгеге жоғары қысымдағы сусорғыш, химиялық қоспалар, судың сапасын тексеру, элекр қуатына және жұмыскерлердің еңбекақысына мақсатты игерілді.

8. 022 бағдарлама. Мемлекеттік мекеме мен ұйымдарға қарасты күрделі шығындар бойынша қаралған 1 637,8 мың теңге қаражат игерілді.

Бюджет қаражатына киіз үй ішкі жабдығымен сатып алынды.

9. 040 бағдарлама. Өңірлерді дамытудың 2020 жылғы дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру бойынша 1 226,0 мың теңге қаражат игерілді.

Қолма қол бақылау шотына түсетін салық түрлерінен жиналған 2018 жылы (жер, мүлік, көлік, жеке табыс) салықтар бойынша жыл қортындысы негізінде 2 709,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде 315 мың теңге үнемделді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма қол ақшаны бақылау шотына түскен 2 393 997, 7 мың теңге қаражат келесі бағытта жұмсалды:

1. Бейнебақылау құрылғыларын орнатуға, қосымша тауарлар алуға, монтаждауға, қатқыл диск алуға және жөндеуге 528,0 мың теңге;

2. Орталық стадионын жөндеуге құрылыс материалдарын алуға 240,0 мың теңге;

3. Зеленая роща ауылында тұрмыстық қалдықтарды көмуге 240,0 мың теңге;

4. Зеленая роща ауылындағы саябақты ұстауға 130,0 мың теңге;

5. Ақкөл ауылындағы «Жайылма жазирасы» саябағын ұстауға 220,0 мың теңге;

6. Шағын футбол алаңына шекаралық сызба жасау және құм төсеуге 120,0 мың теңге;

7. Ақкөл ауылына кіреберіс жолына ағымдағы жөндеу жүргізуге 895 997,7 мың теңге;

8. Эскиздік жоба дайындауға 20 мың теңге.

Көріктендіру және көркейту.

Ауылдық округінде әр жұма күні «Таза жұма» және жалпы сенбіліктер өткізіліп тұрды. Жалпы 2140 тонна көң-қоқыс арнайы орынға шығарылды. 110 түп жас көшеттер және «Жайылма жазирасы» саябағына гүлзар отырғызылды.

Ақкөл, Зеленая роща мен Жақсат ауылдарының кіреберіс жолдары тегістеліп, құм төселіп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Наурыз көшесінің жолына құм төселіп, ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Кеңес көшесіне демеушілер арқылы 1билборд орнатылды.

Орталық стадионға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әктеліп, сырланды. Волейбол алаңы талапқа сай келтірілсе, баскетбол алаңы асфальттанды, 360 метр асфальтанған жүгіру жолы салынды. Шағын футбол алаңының сызбасы жаңартылды.

Ақкөл ауылында 5,5 шақырым су құбырының магистралі тартылды. Ақкөл ауылына қосымша 4 бейнебақылау камералары орнатылды, бүгінгі күні 11 бейнебақылау камерасы істеп тұр.

Әлеуметтік нысандар.

Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелері бөлімінде жұмыссыздар есебіндегі 4 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Ауылдық округінде «Билайн» және «Актив» ұялы байланыс желісі бар. Ақкөл ауылында Қазтелерадионың сандық спутниктік мачтасы орнатылып, округ тұрғындары 100% «Отау» ТВ арнасына қосылды. Ауылдық округінде КБМ -2, барлығы 8 адам жұмыс істейді.

Орталықтандырылған кітапханада 14523 кітап қоры бар, жалпы оқырман саны - 720.

«Қазпошта» байланыс бөлімшесі ауылдық округінің тұрғындарына қалтқысыз қызмет көрсетеді.

Қайырымдылық ретінде «Богатырь -Комир» ЖШС-гінен бөлінген қатты отын көмір толықтай берілді.

Білім беру саласы.

Ауылдық округінде 2 білім ошағы бар.

Округ бойынша барлығы 130 оқушы білім алуда. Мектептер ғаламтор жүйесіне қосылған, Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебінде ыстық тамақпен бастауыш сынып буындары 100 % және күн көрісі төмен отбасының балалары қамтылды. Өткен есепті жылы Шідерті жалпы негізгі білім беретін мектебіне спортзал салынып, жаңа мектеп ашылды.Шідерті жалпы негізгі білім беретін мектебінде ыстық тамақпен күн көрісі төмен отбасының балалары қамтылды. Шағын орталығында барлығы 38 бала тәрбиеленуде. Мектеп жанындағы бюджеттік интернатына шалғай елді мекеннен 14 бала тасымалданады.

Денсаулық сақтау саласы.

Ауылдық округінде 2 медициналық қызмет көрсету орны бар. Барлығы 5 медициналық қызметкерлер халыққа қызмет көрсетуде. Жедел жәрдем автомашинасымен қамтамасыз етілген. Жылына 1 рет жылжымалы флюкар мен МедКаРу келіп тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді.

Мәдениет және спорт саласы.

Ауылдық округінде 2 клуб, 1 орталықтандырылған кітапхана, 2 шағын жасанды жабындымен футбол алаңы мен 1 орталық стадионы мен 2 спорт және тренажер залы бар. 2 саябақ мен 2 балалар ойын алаңы және ойын-сауық орталығы (асхана) бар.

2018 жылы аймақтық спартакиадада І-ші жүлделі орынды жеңіп, елді мекендерді көріктендіругі арналған 2,000 теңгені ұтып алдық.

Ауылшаруашылық.

Барлық шаруа қожалықтары 35, малшаруашылығы бағытындағы жеке кәсіпкерлер саны 8.

2019 жылғы 01 қаңтарына - барлық ірі қара мал басы 7144 бас (2018 жыл – 6163 бас), оның ішінде сиыр - 4049 бас (2018 жыл -3381 бас), барлық қой мен ешкі 4050 бас (2018 жыл -3858 бас), жылқы 4549 бас (2018 жыл -4204 бас) және 1454 дана құс (2018 жыл -1110 құс) бар.

«Әшім» шаруа қожалығы басшысы Ғ.Аримбеков 41 бас, «Табыс» шаруа қожалығы 40 бас, «Айдар» шаруа қожалығы 25 бас бұқашықтарды «Абай» ЖШС-гіне мал бордақылау пунктіне жіберді.

2018 жылы 13800 тонна пішен дайындалып, қыстаққа тасылды.

Инвестиция, кәсіпкерлікті дамыту және сауда-саттық.

«Ауылшаруашылығын қолдау қоры» АҚ-нан ЖК «Әділжан» 4 млн теңге, «Егінбай» шқ 4 млн теңге, «Сұлтан» шқ 3,5 млн теңге, «Атамұра» шқ. 3,0 теңге несие алып ірі қара мал мен ұсақ мал алып шаруашылықтарын ұлғайтты. «Секербай -Уахит» шқ. 5,750 теңге, «Айдар» шқ-ғы 4,200 теңге және ауылшаруашылық несиелендіру серіктестігінен «Әлихан» шқ. мен ЖК «Акишева» 6 млн теңгеден несие алып жылқы сатып алды.

Күн сәулесі панелін 3,5 млн теңгеден «Әшім», «Көкше», «Шерхан», «Шідерті» және «Айдар», «Бесағайын» шаруа қожалықтары алды.

2018 жылғы жоспар бойынша 10 млн теңге несие орнына, 36 млн теңге несие алынып, жоспар асуымен орындалды. Жаңадан 5 тұрақты жұмыс орындары ашылды.

Шаруа қожалықтары 20 млн теңгеге ауылшаруашылығы техникасын сатып алды.

Ауылдық округінде жеке кәсіпкерлікті дамыту барысында 1 жолаушы тасымалдаушы, 1 шағын наубайхана және 4 сауда орны бар. Сауда орындары халық тұтынатын азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатуда.

Қоғамдық саяси жағдайлары.

Ауылдық округінің тұрғындары, әлеуметтік нысандардағы қызметкерлері мен ақсақалдар алқасы мүшелерінің қатысуымен мерекелік шаралар, атап айтар болсақ, Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік мерекесі, Қ.Р.Конституция мерекесі және 8 Наурыз, 1, 7, 9 Мамыр мейрамдары жаппай мерекелеумен өткізіледі.

Діни мереке Рамазан айында ауыз ауыз бекіткендерге ауызашар беріледі.

Жастар арасында спорттық жарыстар мен ат-спорты ойындарынан жолдастық кездесулер үнемі өткізіліп тұрады.

Ауылдық округінде қоғамдық саяси жағдай тұрақты.

2019 жылға алға қойылған мақсаттар мен міндеттер:

1. Ақкөл ауылына кіреберіс 8 шақырым жолды жөндеу жұмысын жүргізу;

2. 1 билборд орнату;

3. Ақкөл ауылына қосымша түнгі шамдарын орнату;

4. Ақкөл ауылының көшесіне тренажерлық құралдарын орнату.

Ақкөл ауылдық округінің әкімі

Б.Ахтаев