Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сарықамыс ауылдық округінің әкімі М.Сейсембаевтың 2018 жылғы есеп беру тезисі.

Әкімшілік-аумақтық бірлік: Сарықамыс ауылдық округінің құрамына Сарықамыс және Қуандық  ауылдары кіреді. Округтің жалпы жер көлемі 45,10 шаршы шақырым.  Барлық 98 аулада  тұрғындар саны 420 адам, оның ішінде Сарықамыста 79 аула, 327 адам, Қуандықта 19 аула, 93 адам тұрады. Еңбекке жарамдылар 210, тұрақты жұмыс істейтіндер 143, жеке отбасылық мал шаруашылығында  жұмыспен айналысатындар 83, зейнеткерлер 34, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар 16, мектеп жасына дейінгі балалар 42, оқушылар 71 адамды құрайды.

 Бюджеттің орындалуы:

Жалпы бюджет – 18 млн. 158 мың теңгені құрайды.

Қалалық бюджеттен ауылдық округ әкімі аппаратына 17,6 млн. теңге субвенция бөлінген.

Аталған қаражат келесі бағдарламалар бойынша жұмсалды:

1 бағдарлама әкім аппаратын ұстауға 12 млн. 751,5 мың теңге;

5 бағдарлама  оқушыларды тегін тасымалдауға 1 млн. 49 мың теңге;

8 бағдарлама елді мекендердің  көшелерін  жарықтандыруға 2 млн. 866 мың теңге;  

13 бағдарлама қысқы жазғы мерзімдерге жолдауды ұстауға 745,9 мың теңге;

14 бағдарлама елді мекендерді таза сумен қамтамасыз етуге 1 млн. 942,8 мың теңге;

40 бағдарлама өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 329 мың теңге.

Бекітілген қаржылар тиісті мақсаттарына сай уақытында 100 % толық игерілді.

            Жергілікті өзін өзі басқарудың бақылау шотына салықтың 6 түрінен 558 000 теңге қаржы түсті, өткен жылдан 330 000 теңге қалған.  Осы қаржының 390 000 теңгесіне хоккей корты салынды, 315 000 теңге қыста ауылішілік жолдарды қардан тазалап шығару жұмысына бөлінді, 68 000 теңгеге су сорғы - мотопомпа сатып алынды. 

Абаттандыру: Ауыл кіреберісіне жаңадан екі бильборд орнатылды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржысы есебінен хоккей корты орнатылды. Көктем мен күзде санитарлық тазалық айлықтары өткізіліп, апта сайын сембіліктер ұйымдастырылып, әр аулада көң-қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылды. Ауылға кіре беріс стелла, Жеңіс саябағы, балалар ойын алаңдары, футбол, көкпар алаңдары абаттандырылып, ақтау, сырлау жұмыстары жүргізілді

Әлеуметтік салалар:  Жазғы демалыс кезінде мектеп жанынан жазғы лагерь ұйымдастырылып, оған 36 бала қамтылды. Мектептің 20 орындық асханасы балаларға ыстық және буфеттік тамақтандыруды ата-аналар демеушілігімен ұйымдастырады. 

Жұмыспен қамтылу:     Ауылда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар жоқ.  Жұмыссыз ретінде  5 адам тіркеуде тұрып, олардың  барлығы  қоғамдық ақылы жұмысқа тартылған.

Білім: Сарықамыс орта  мектебінде 71 оқушы білім алуда, 22 мұғалім жұмыс істейді. Қуандық аулынан 11 оқушы автобуспен тасымалданып оқиды. Орта мектеп жанындағы шағын орталықта 15 бала тәрбиеленіп, онда 3 тәрбиеші жұмыс істейді. Мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазандықтың мұржасы ауыстырылды, жылу жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр, қысқы көмір отынымен толық қамтылды.    

Мәдениет және спорт: 1 ауыл клубы жұмыс жасайды. Онда әр түрлі тақырыптарда мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. 8-Март,  «Наурыз мейрамы», Ұлы Жеңіс мерекесі, Жаңа жыл мерекелері  тойланып, Астана күніне орай «Қымызмұрындық» ұйымдастырылды.                        1 кітапхана, 1 шағын футбол алаңы. Бокстан оқушылар тұрақты Республикалық жарыстарға қатысты. Тәуелсіздік Күніне ауыл жастары арасында волейбол, баскетбол жарыстары өткізілді.

Денсаулық сақтау: Ауыл тұрғындарына  фельдшерлік пункттің 2 медбикесі  қызмет көрсетеді.

Жастар саясаты: Ауылға дипломмен бағдарламасы аясында ауыл мектебіне ағылшын тілі маманы және кәсіптік оқыту, сызу технология деңгейінде оқыту пәндері бойынша  жас мамандар келді.

Кәсіпкерлікті дамыту және сауда-саттық: Ауыл шаруашылығында жаңа жұмыс орындарын ашуға, «Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде жаңадан 3 жеке кәсіпкерлік нысаны ашылды. Зардхан Жумагелді 4,0 млн.теңгеге 16 бас , Биғазы Уйғархан 2,5 млн теңге 10 бас ірі қара мал сатып алды, Манат Даулетбек  5,0 млн теңге шағын несиеге 160 бас қой сатып алды. Ауылда 2 шағын азық-түлік дүкені  халыққа қызмет көрсетіп, күнделікті азық-түлік товарларымен қамтамасыз етеді.

Ауылшаруашылық саласы: Сарықамыс ауылдық округі  2019 жылғы 1 қаңтарға 1735 бас ірі қара мал, оның ішінде 895 сауын сиырлар, 1451 бас қой мен ешкі, 270 бас жылқы, 991 үй құстарымен қыстаққа кірді. Ауылдық округте 1 АШ кооперативі, 10 фермерлік шаруа қожалықтары, 7 жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды.   Ірі қара мал тұқымының сапасын жақсарту бағдарламасына қатысатын шаруа қожалықтары  «Қуандық» - 1 532 мың, «Саржайлау» - 1 002 мың,  «Бұлғын» - 896 мың, «Асмар-Сар» - 150 мың, барлығы 3,58  млн теңге  демеуқаржы (субсидия)ға қол жеткізді және жаңадан 5 асыл тұқымды бұқа сатып алды. Қыстаққа 6000 тонна мал азығы дайындалды. Әр сенбі сайынғы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне тұрақты  қатысып, қалалық ауыл шаруашылық жәрмеңкелері мен базарларында 230 бас ірі қара мал еті мен 1600 центнер сүт өнімдері өндіріліп, сатылды. «Аиша» шаруа қожалығы (жетекшісі Қожанов Қалымбек) АШ жәрмеңкесінің тұрақты қатысушысына айналғанын атап өту керек.

Қоғамдық-саяси жағдай: Мемлекеттік атқарушы органдар қоғамдық ұйымдармен бірге округтің моральдық-психологиялық жағдайы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамдық-саяси, спорттық шаралар тұрақты өткізілді.

2019 жылғы мақсаттар: Үстіміздегі 2019 жылда Сарықамыс ауылына мемлекеттік бюджет қаржысына орталықтандырылған су құбыры жүйесін салу, Қуандық аулына КБМ-ауыз су тазарту қондырғысын орнату, ауыл дағы совхоз кезінен қалған қиранды құрылыс қалдықтарын тазалап шығару, ауыл ішілік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша 4 бейне бақылау камерасын орнату,  футбол алаңы аумағына 300 метр жүгіру жолағын салу жұмыстары жоспарланып отыр.