Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Академик Әлкей Марғұлан атындағы село әкімінің міндетін атқарушысы Р.А.Мукашеваның 2019 жылдың қаңтарында тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде сөз сөйлейтін ТЕЗИСІ

Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл Екібастұз өнірінің онтүстік -батыс бағытында орналасқан. Халық саны 510 адам. 136 аула бар. Зейнеткерлер саны-60 адам, мүгедектер-12 адам. Жұмысқа қабділетті

207 адам. Жұмыспен қамту орталығында 4 адам тіркелген.

Жұмыспен қамту.

Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі: мал және өсімдік шаруашылығы, бюджеттік мекемелерде, мұнай айдау станциясында, Аяқ Қоджан мыс кенішінде және электрлік қосалқы станциясында жұмыс істейді.

Бюджет.

2018 жылға арналған бюджет 25 029,00 мың теңгені құрады.

Өзін өзі басқару қолма қол бақылау шотының қаражаты 1 298 мың теңге. Субвенция -23371,0 мың теңге.

- 001 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер - 18428,0 тыс.тенге.

- 002 «Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарға дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру» - 528,0 тыс.тенге.

- 003 «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» - 543,0 тыс.тенге.

- 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» - 2252,0 тыс.тенге

- 013 «Елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету» - 860,0 тыс.тенге

- 014 «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру»- 661,0 тыс.тенге.

- 040 «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық

дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» - 459,0 тыс.тенге.

Жеткізушілермен барлығы 59 шарт жасалды, оның ішінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 45 тікелей жасасу жолымен бір көзден 14.

2018 жылғы 1 желтоқсанда мемлекеттік сатып алу бойынша шарттардың жалпы сомасы 11270,00 мың теңгені құрады.

Жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп өзін-өзі басқару жоспарын орындау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2018 жылы өзін өзі басқару қолма қол бақылау шотының қаражаты 1 298 мың теңгені құрады, соның ішінде 2017 жылғы қалдық қаражат 664,0 мың теңге.

Аталған қаражаттын бөлігі екі саябақты ұстауға (ағаш көшеттерін суару) және ауыл полигонында ҚТҚ-ны қазу және тығыздау жұмыстарына жұмсалды. Қазіргі уақытта өзін өзі басқару қолма қол бақылау шотында қалдық 398,0 мың теңгені құрайды.

Ауылшаруашылық.

25 шаруашылық субъектілері ұйымдастырылған және жұмыс істейді. Оның ішінде 1 "Көктөбе" ШҚ " ЖШС, 2 ауылдық өндірістік кооператив "Марғұлан-2017" АӨК және "Көктөбе-Агро" АӨК, 14 фермерлік және шаруа қожалықтары, 8 жеке кәсіпкер, оның ішінде 5-уі 2018 жылы ашылды.

Егістік көлемі 3500 гектарды құрады,оның ішінде бидай 1000, арпа

2500 гектар. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 8 центнерді құрады.

2019 жылы егіс алқабы 4200 гектарды құрайды, 2018 жылмен салыстырғанда егіс алқабы 700 гектарға ұлғайтылды. 2019 жылға 1300 гектар жерлер өнделді. (Жалпы жинау 2700 тонна).

Мал басының жалпы саны 5213 бас. ІҚМ – 2986, ҰҚМ – 1560 және жылқы – 667 бас.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ауыл тұрғындары 3200 тонна жем-шөп, 700 тонна жем-шөп дайындады.

Сумен жабдықтау.

Ауылды сумен жабдықтау тереңдігі 40 метрлі ұңғымадан қамтамасыз етіледі. ЭЦВ-8 маркалы тереңдік сорғы пайдаланылады, 15 су тарту колонкалары бар. Бүгінгі күні 8 шақырым су құбыры желілерінің

5,2 шақырымы жұмыс істейді. Жер асты су қорларын растау үшін "Павлодаргидрогеология" ЖШС мердігерлік ұйымымен 7 ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы Екібастұз қаласының құрылыс бөлімімен су құбыры желілерін қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Әлеуметтік сала

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін тұрақты түрде аз қамтылған азаматтарды, көп балалы аналарды, жалғыз адамдар, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен жұмыссыз азаматтарды есепке алу жүргізіледі.

Білім беру.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін жалпы білім беретін орта мектеп бар, онда 22 мұғалім сабақ береді, оқушылар саны 78. Шағын орталықта-20 бала. "Eurazia Copper Operating" ЖШС демеушілік көмегі есебінен мектепке дейінгі шағын орталық пен бастауыш сынып тәрбиеленушілерін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге ақшалай қаражат бөлінеді.

Денсаулық сақтау.

Денсаулық сақтау саласымен ұсынылған медициналық пункті бар. Медицина қызметкерлері жыл сайын, жоспарланған профилактикалық медициналық тексеріп-қарау мен қажетті іс-шаралар жүргізеді, дәріхана пункті жұмыс істейді. Жыл сайын «МЕД-КАР» және "ФлюКар" келеді.

Мәдениет.

Ауылдық клуб әзірленген жоспарларға сәйкес іс-шаралар өткізіледі. Барлық ұлттық және мемлекеттік мерекелер уақытында жүргізіледі.

Қызмет көрсету саласында

Қызмет көрсету саласында "Қазпошта"АҚ филиалы, 5 дүкен жұмыс істейді.

Әлеуметтік-экономикалық даму инвестициялары.

"Талан" шаруа қожалығы 4 тұрғын үй және 1000 бас ірі қара малын ұстау мүмкіндігімен 2 мал шаруашылық базасын қалпына келтірді, қажетті ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. Бүгінгі күні ІҚМ басы 659, жылқы 100 басты құрайды. Шаруашылықтағы электр энергиясы жел генераторынан және күн батареяларынан қамтамасыз етіледі, олар электр қуатын сағатына

3 киловаттқа дейін шығарады.

"Көктөбе" шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруашылықты құру жобасын іске асыруды жалғастыруда. Қазіргі уақытта қазақ-ақ бас тұқымды ірі қара мал саны 797 басты құрайды.

3 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер техника мен құрал-жабдықтар сатып алды, соның ішінде ЖК Буламбаев 2 дана "Есіл" астық жинайтын комбайнды «Казагрофинанс» АҚ сатып алды. Инвестициялардың жалпы сомасы 76,7 млн. теңгені құрады.

2018 жылы «Агро кредиттік корпорациясы» АҚ ("Екібастұз" Несиелік серіктестігі) арқылы 6 шаруашылық жүргізуші субъект жалпы сомасы 29100,0 мың теңгеге шағын несие алды, оған 98 бас ІҚМ және 28 бас жылқы сатып алынады. Сонымен қатар, "Бөкен-Агро" шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен қазақ-ақ бас тұқымды 210 бас ірі қара мал сатып алды.

Сондай-ақ, шаруашылықтардың жайылымдарды суландыру бағдарламасы бойынша Нұрсұлтан ФҚ, "Бөкен-Агро" ШҚ, "Аманат" ШҚ, Жанабек ЖК 12200,0 мың теңгеге Күн батареяларын сатып алды.

2018 жылы 1260 гектар жер суаруға ауыстырылды. Бүгінгі күні "EGGOCOM" ЖШС-мен суармалы учаскеге арналған инженерлік желілерді қайта құру бойынша жобалық жұмыстарды орындауға мердігерлік шарттар жасалды.

2 жылға тоқтап қалғаннан кейін 2018 жылы "Аяк-Қоджан" кен орнында жылына 3,0 мың тонна катодты мыс өндіретін зауыты, сондай-ақ жылына

24,0 мың тонна мыс концентратын шығаратын байыту фабрикасы іске қосылды.

Қызметкерлердің жалпы саны 320 адамды құрайды,оның ішінде 20-дан астамы адам академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылынан жұмыс істейді.

Кәсіпкер У. Сайдалина нан өндіретін шағын наубайхана жұмысын бастады.

Қоғамдық саясат.

Ауылда 1998 жылы құрылған ардагерлер кеңесі бар. Құрамында 7 адам бар.

Өтінімдер, мемлекеттік қызмет көрсету.

Әкім аппаратына жалпы 24 жеке тұлғалардан өтініш келіп түсті, заңнамамен белгіленген мерзім ішінде барлығы түсіндіріліп, қызметтер көрсетілді. 225 мемлекеттік және 21 нотариалдық қызмет көрсетілді.

2019 жылға жоспар:

2019 жылғы жоспарланған жұмыстар:- ескі дала шамдарын энергия үнемдеуші шамдарына ауыстыру; "Марғұлан-2017" Ауылдық өндірістік кооперативінің мүшесі ЖК Буламбаев жол бойындағы сервис құрылысын және Табыс ЖК шағын наубайхана құрылысын жоспарлауда.

Академик Әлкей Марғұлан

атындағы село әкімінің

міндетін атқарушысы Р.Мукашева