Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бәйет ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі туралы ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесу жиналысының тезистері

Баяндаушы Амантай Докторхан

/Бәйет ауылдық округінің әкімі/

 

Құрметті ауыл тұрғындары!

Ардақты қауым!

 

         Биылғы жылы біз бүгін 2018 жылдағы атқарылған жұмыстардың қорытындысын жасаудамыз. Биылғы жылдың есептік кездесуі Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" және  22 қарашадағы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды орындау кезеңімен сәйкес келіп отыр.

       Бәйет ауылдық округінің құрамына Атығай және Бәйет ауылдары кіреді. Ауылдық округтің орталығы Бәйет ауылы Екібастұз қаласынан 30 шақырым қашықтықта Қаныш Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» су арнасының бойында орналасқан. Атығай ауылы Екібастұз қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан.  Бәйет ауылдық округі бойынша Атығай ауылында 110 отбасы, Бәйет ауылында 160 отбасы барлығы 270 отбасы бар.

           Округтың жалпы аумағы - 242,84 кв.м. Ауылдық округ бойынша халықтың жалпы саны 1346 адам болса, оның ішінде еңбекке қабілетті адам саны 562, тұрақты жұмыс істейтіндер адам, қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 5  адам бар. Округ бойынша аула саны 255, оның ішінде Бәйет ауылында 150, Атығайда 105 аула. Шаруашылығында малдары жоқ аула саны 39 пайызды құрайды.

        Ауылдық округ бойынша зейнеткерлер саны 109, мектеп  жасындағы балалар саны 271, мектеп жасына дейінгі балалар саны 188,  I, II, және III топтағы мүгедектер саны 39 адамды құрайды.

Бюджет туралы:

Бәйет ауылдық округінің 2018 жылға арналған жалпы бюджеті 35 млн 653, 312, теңгеңі құрады.Соның ішінде субвенция  28 млн 068 мың теңгені құрады және 2018 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол  есеп шотына  бес түрлі салықтан 7 млн 585 312 мың теңге түскен.

 Бюджет есебінен қарастырылған 28 млн 068 теңгенің жұмсалу барысы туралы.

- Бұл қаражаттан 15 501 000 млн теңге әкімшілікті ұстау және қызмет көрсету, еңбек ақы, мемлекеттік қызметшілер мен техникалық жұмыскерлердің салығы және коммуналдық төлемдер үшін жұмсалды.

- әлеуметтік қызметкердің жалақысы мен салығы үшін 524 мың теңге жұмсалды

- Бәйет және Атығай ауылдарының көше шамдарын ұстау, қызмет көрсету үшін 1 млн 275 мың теңге жұмсалды.

-  Автомобиль жолдарын қардан тазалау және ұстау үшін 162 мың теңге жұмсалды.

-  Таза ауыз сумен қамту бойынша 199 мың теңге электр қуаты үшін, судың сапасың тексеру үшін 133 мың теңге, ағымдағы жөндеуге 240 мың теңге жұмсалды.

- оператор мен күзетшіге 816 мың теңге еңбек ақы, салық төлемдеріне жұмсалды.

- КБМ таза су кешеніне ағымдағы жылы 1 млн. 388 мың теңге жұмсалды.

- 6 бағдарлама бойынша 7,8 млн. ақша жұмсалды.

-  4 млн. 725 мың теңгеге – LADA X-rey автокөлігі конкурс бойынша «АзияАвто» АҚ арқылы сатып алынды.

-  2 678,0 мың еңге қаржы бөлініп, конкурс бойынша «Курмангалиев» ЖК арқылы 12 қанатты кигіз үй сатып алынды.

      Үстел орындықтармен, қол жуғыш, сандыққа 397,0 теңге жұмсалды.

     Облыстық бағдарлама бойынша берілген 1,418 мың тенгенің қаражатына Бәйет ауылында 41 дана көше шамдары ауыстырылды. Орындаған "ALAH.KZ"  ЖШС.

      2018 жылғы бюджеті толығымен 100 пайызға игерілді.

Ауылдық аймақты көріктендіру абатандыру бойынша 6 млн 620 мың теңгенің мемлекеттік сатып алулар өткізілді.

       Бәйет ауылында саябақ қоршауын салуға 1 млн 394 теңге жұмсалды.

- Бәйет ауылындағы әкімшілік ғимаратына 12 шырша ағашы, 66 қарағаш, 43 пирамидалы теректер отырғызылды. Бұл мақсатқа 747 мың теңге жұмсалды.

- Саябақтын сметалық құжаттары дайындауға 240 мың теңге жұмсалды.

-  ауыл әкімшілік теңгеріміне қойылған жаңадан салынған саябақ, билбордтер, автобус аялдамаларының, хоккей алаңының жер учаскелерін құжаттандыру және заңдастыру мақсатында 240 мың теңге жұмсалды.

-Атығай ауылында 1, 090 мың теңгеге 2 автобус аялдамасы орнатылды.

Қазіргі күні жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол есеп-шотында 3 млн 624 312 мың теңге қалып отыр. Бұл қаражат 2019 жылы Атығай ауылында саябақ қоршауларын салуға, ауылды абаттандыру, жолдарды ұстауға тағы басқа іс-шараларға қауымдастық мүшелерінің қатысуымен жұмсалады деп жоспарлануда.

 

Бәйет ауылдық округінің 2019 жылға арналған бюджеті 21 166 мың теңге жоспарлануды.

 - Бұл қаражаттан 16 694 000 млн теңге әкімшілікті ұстау және қызмет көрсету, еңбек ақы, мемлекеттік қызметшілер мен техникалық жұмыскерлердің салығы және коммуналдық төлемдер үшін жұмсалдады.

- әлеуметтік қызметкердің жалақысы мен салығы үшін 548 мың теңге жұмсалдады

- Бәйет және Атығай ауылдарының көше шамдарын ұстау, қызмет көрсету үшін 1 млн 253 мың теңге жұмсалады.

-  Автомобиль жолдарын қардан тазалау және ұстау үшін 162 мың теңге жұмсалады.

-  Таза ауыз сумен қамту бойынша 1 091 мың теңге электр қуаты үшін, судың сапасың тексеру үшін 133 мың теңге жұмсалады.

     Облыстық бағдарлама бойынша 1,418 мың тенгенің қаражатына саябақтарға ағаш отырғызуға жұмсалады.

Ауылшаруашылығы өнеркәсібі кешені саласы:

       Ауылдық округ бойынша есепті мерзімде 22 шаруақожалығы, 15 жекекәсіпкер, 1 ЖШС жұмыс істейді. Оның ішінде тұрақты жұмыс істейтіндер 20,  маусымдық жұмыс істейтін 2  шаруақожалығы бар. «Виктория», «Эльдорадо» шаруа қожалықтары көкөніс бау-бақша өсірумен айналысады. Қалған шаруа қожалықтар мал өнімдерін өндірумен айналысады.   2018 жылдың 1 қаңтар бойынша 2273 бас ірі қара мал болса 2019 жылы 2364 бас ірі қара мал тіркеліп, өсімі  3,8 пайызды құрады. 2018 жылғы 1 қаңтарда 3249 бас ұсақ мал, 2019 жылы 3638 басұсақ мал тіркеліп, өсімі 10,6 пайызды құрады. 2018 жылы 718  бас жылқы  тіркелсе, 2019 жылғы 868 бас жылқы тіркеліп, өсімі 17,2 пайыз құрады. Есепті жылда 380 тонна ет, 270 тонна сүт өнімдері өндірілді. 60 тонна  бау-бақша өнімдері (картоп, сәбіз, қияр, қызанақ, қырыққабат, тәтті бұрыш, қызылша, қарбыз) өндіріліп ауыл жәрмеңкесіне сатылымға шығарылды.    Мал басы жұқпалы аурудан аман сақтау мақсатында, жыл бойы ветеринарлық профилактикалық жұмыстар өз мерзімінде өткізіліп тұрады.      Қарасан, сібір жарасы, туберкулез ауруларына қарсы 3200 ірі қара малға, 4900  ұсақ малдарға, 850 жылқы екпе жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері 832 бас қара малға, 1923  бас ұсақ малға,   сырғаланып базаға енгізілді. 248 бас құлын базаға енгізілді. 2018 жылы 13 бас ірі қара малдан сарып ауруы шығып, дер кезінде жойылды, Қашыр аудандық «Ет бастау» ЖШС  комбинатына өткізілді.

Бәйет ауылдық округі 2013-2017 жылдары «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 28 жеке кәсіпкер жаңадан құрылып 56 миллион теңгенің қаражаты игерілген еді.

        2018 жылы Павлодар облыстық ауылшаруашылығын қолдау қорынан 5 миллион теңгенің несиесін Атығай ауылының тұрғыны Аким Балдырған игеріп «Даурен» жеке кәсіпкерлігі құрылды. Қазіргі күні Май ауданынан 148 қой сатып алды.

      Бәйет ауылдық округі бойынша 22 шаруашылығы  мен жеке тұлғалардағы жерледі цифрландыру бойынша 3 шаруашылық (Эльдорадо, Азамат, Бекнурсат) 100 пайыз өтті, 3 шаруашылық иелігіндегі жерлерден бас тартты. Қалған 24 шаруашылығы жерлерін рәсімдеуге құжаттарын жер қатынастары бөліміне тапсырды. 

       Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында шаруашылық басшылары жеке тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

       Соның нәтижесінде 2019 жылы бау-бақша өнімдерін өсіру мақсатында «Сарин» ЖК несие алуға ниет білдіріп отыр. «Құлан» бағдарламасы негізінде Сағай Тамашыбай жылқы малын өсіруге ниет білдіріп, қазір кепілдікке қойылатын дүние мүліктерінің құжаттарын реттеуде. Шугаив Кулиман наубайхана кәсібін ашуға ниетттеніп отыр. Қазір біз бұл адамдармен жұмыс жүргізіп кепілдемелері мен бизнес жоспарларын жасату қайта даярлау курстарын оқыту мәселелерімен айналасудамыз. Сондай-ақ «Сарин» ЖК лизингке трактор алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ "Берік" шаруашылығы Сыбаға бағдарламасы бойынша несие алуға құжаттарын әзірленуде.

Әлеуметтік сала: Бәйет ауылында бір сауда үйі, бір азық-түлік дүкені,  тойхана және электрмен жабдықтау қызметі, пошта  қызметі ауыл халықына қызмет көрсетеді. Атығай ауылында бір азық-түлік дүкені бар. Ауылдық округ тұрғындары телефон, интернет желісімен қамтамасыз етілген. Округ бойынша жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны – 4 адам. Округ бойынша телефон, интернет, ұялы байланыс 100 % қамтамасыз етілген.  Бәйет ауылдық округінде учаскелік инспектор жұмыс істейді.  2018 жылы Бәйет ауылдық округі бойынша 4 қылмыс тіркелген. Олар "Акмоладорсервис" ЖШС-ның су есептегіш құралы және "Алматы мостострой" ЖШС-ның ұнтақтау құралдары ,"Аққұдық" шаруақожалығынынан қойлары және Слямов Асылбектің 1 бас қара малы жоғалған.

Округ бойынша 2018 жылы 46 отбасына 230 тонна қайырымдылық көмір берілді. Әлеуметтік саланың қызметкерлеріне көмір берілді. Бәйет ауылы КБМ модульді су кешенімен, Атығай ауылы орталықтандырылған су беру жүйесімен қамтамасыз етілген. Бәйет ауылдық округі бойынша 2018 жылдың 24 қыркүйек күні су құбырын салу бойынша Екібастұз қалалық әкімдігінің қала құрлыс және сәулет бөлімі, құрлыс бөлімі, жобалаушы «Модулер-ЭК» жеке кәсіпорынының бас мамандары, «Казактелеком» АҚ мен «Транстелеком» АҚ-ның өкілдігі және ауыл тұрғындарының қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізілді.    

Несие туралы:

      «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ –нан «Сыбаға»  бағдарламасы аясында  Атығай ауылының тұрғыны Аким Балдырған ұсақ мал өсіруге 5,0 млн теңге несие алды. Малды Май ауданынан сатып алды.

Е-Халық

     2018 жылғы 20 қарашадан бастап «НИТ» АҚ «Е-Халық» ақпараттық жүйесіне қызмет көрсетеді. «Е-Халық»  ақпараттық жүйесі төлемі  облыстық бюджеттен атқарылады.  

      Қазіргі күнге «Е-Халық»  ақпараттық жүйесіне 99%  енгізілген (енгізілген отбасы  саны– 242,  адам саны – 1121, енгізілмеген отбасы саны– 13, себебі ақпараттық жүйеде мекен-жайы болмауына байланысты түсірілмей отыр.  Алдағы уақытта Астана қаласындағы еңбек ресурстарын дамыту орталығымен  жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыспен қамту:

    «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Бәйет ауылдық округіне 5 отбасы көшіп келді.  Барлығы 21 адам оның ішінде 11 бала. 2 отбасы жәрдемақысымен субсидия берілді. «МайкубенВест» кенішінен 3 отбасына 7 тоннадан қайырымдылық көмір берілді.

Білім беру саласы: Ауылдық округте екі орта мектеп бар, оқушылар саны – 271, мұғалімдер саны – 46. Бәйет ауылының шағын орталығында – 20 бала, Атығай ауылының шағын орталығында - 20 бала тәлім алуда. Екі мектепте 86 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мектептер жаңа заманауи технологиямен, интерактивті тақтамен және жаңа үлгідегі компьютермен жабдықталған. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Байет жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1987 жылы ашылды.  Мектеп проектісі 200 орынды қамтыған типтік ғимаратта орналасқан. Мектеп қазақ тілінде оқытылады. Қазіргі уақытта білім ұйымы 2013 жылғы 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының  Білім министрлігінің Павлодар бақылау комитетінің департаментімен берілген № 13014493 лицензия негізінде жұмыс атқарады. 2017-2018 оқу жылының соңында мектепке 200 мың теңге көлемінде шағын жөндеу жұмысы жүргізіліп, жылу қазандықтары ауыстырылды. Метепке қысқы маусымға 509 тонна көмірмен қамтылды. Мектеп бойынша 144 оқушы, шағын орталықта 20 тәрбиеленуші, даярлық топта 19 оқушы.2018-2019 оқу жылында 1-сыныпқа 17 оқушы қабылданды. Мектепте 19 мұғалім 3 тәрбиеші қызмет атқарады. Жоғары білімді 18, арнайы орта білімді -1 мұғалім. Соның  ішінде жоғарғы санатты - 3, бірінші санатты- 6, екінші санатты -7, санатсыз-1, жаңаша квалификация бойынша санатын көтерген 2 мұғалім, олар зерттеуші және модератор. 2018 жылы бір мұғалім 2,5 миллион теңге көлемінде 2017-2018 оқу жылында 11 сыныпта 8 түлек. ҰТБ орташа ұпай саны- 103,4 сапа- 84% .  7 оқушы грант иегерлері.  Еламанова Аделя Алтын белгі, Авасай Айдана Алтын қор иегерлері.

Денсаулық сақтау саласы: Бәйет ауылындағы медициналық пунктте екі арнаулы білімді медбике, Атығай ауылындағы медициналық мунктте бір арнаулы білімді медбике жұмыс жасайды. 2018 жылы Атығай ауылында 14, Бәйет ауылында 15  бала дүниеге келді. Флюкар жоспары – 150 адам өтті. Жүкті адамдар саны-13. 

       2018 жылдың ішінде алғашқы дәрігерлік көмегін Атығай ауылында – 982 азамат алды. Үйде 464 адамға, Бәйет ауылында 1440 адамға қызмет көрсетілген.

Халыққа қызмет көрсету саласы:

      «Бәйет ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2018 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 3 өтініш түскен, Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңына сәйкес қаралып дер кезінде қанағаттанарлық жауап берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша 2018 жылы 92 өтініш түскен. Яғни мал басы және жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама, мектепке дейінгі балаларға жолдама беру. Округ бойынша телефон, интернет, ұялы байланыс 100 % қамтамасыз етілген. Таза су КБМ модуль-блок құдығы, электрмен жабдықтау қызметі, пошта  қызметі, ауыл дүкендері  ауыл тұрғындарына қалтқысыз қызмет атқаруда. Бәйет ауылдық округі бойынша «Отау ТВ» отандық  жерсеріктестігіне қосылған абоненттер саны 192 құрайды. Бәйет ауылында 64,1 %, Атығай ауылында 35,9 % пайыз қамтылған.

Мәдениет және спорт: Байет ауылдық клубы  2004  жылы 17 қарашада ашылды. Атығай ауылында 2008 жылы 15 желтоқсанда ашылды. Көрермен залында 65 орын болса, Атығай ауылында 60 орын бар. Бәйет ауылдық клубында 7 адам, Атығай ауылында 7 адам жұмыс жасайды. Клубтарда ай сайын 4 іс-шара өткізіліп тұрады. Іс-шараның барлығы белгіленген жылдық жоспар бойынша өткізіледі.Бәйет клубында а екі үйірме  атап айтқанда «Асыл әжелер» ансамбли, «Әсем әуен» вокалдық топ жұмыс жасайды.  Жыл бойында «Тілдер қолдау мен дамыту» бағдарламасы бойынша 10 іс-шара  «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» аясында 10 іс-шара, «Жастар бағдарламасы бойынша 12 іс-шара. «Мемлекеттік , кәсіби, мерейтойлар мерекесі бойынша 22 іс-шара, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бойынша 5 іс-шар, «Патриоттық тәрбие бағдарламасы бойынша  9 іс-шара өткізілді. Республикалық, облыстық, және қалалық деңгейлік іс-шараларға қатысып жүлделі орындармен әртүрлі номинацияларға иеленіп келеміз. Сондай-ақ Астана қаласында өткен ІІ халықаралық  «Самға әуен» жасөспірімдермен ересектер өнер байқауында

«Әсем әуен» вокалдық тобының мүшесі Шерікбайқызы Жанерке І орынды, Павлодар облыстық аналар мен қыздар арасында өткен

«Мейірімді ана, ерке қыз» байқауында «Қайсар қыз» номинациясымен, жәнеде «Бала шабыты» Халықаралық конкурстық жобасының 

«Болашақ  жұлдыздары» өнер байқауы 7-11 жас аралығында  «Вокал» номинациясы бойынша өнер көрсетіп ІІ орынды иеленді.

Ауыл тұрғындарының рухани байлығымен, мәдениетін көтеру мақсатында ерінбей еңбек етуді міндеттіміз деп санаймыз. Екі ауыл клубы, Бәйет ауылы кітапханасының кітап қоры  4960  дана құрайды, оқырмандар саны 572 адам, шағын футбол алаңы, екі ауылда хоккей алаңы бар. Бәйет ауылдық округі бойынша ақсақалдар алқасы, әйелдер қауымдастығы, көше комитеттері және медиатор жұмыс жасайды. 

       Жастар саясаты: Бәйет ауылдық округі бойынша 14-29 жастағы жастар саны- 340. Ауылдық мерекелік іс-шараларға ауыл жастары белсене ат салысады. Округ бойынша саяси жағдайлар тұрақты. 

       Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларын тұрақтандыру жөніндегі мәселелер

Байет ауылдық округі бойынша 20 шаруа қожалығы мал өнімдерін, 2 шаруа қожалығы көкөніс, бау-бақша өнімдері 14 жекекәсіпкер мал өнімдерін өндірумен айналысады.

Ауылдық округ бойынша 3 дүкен халық тұтынатын азық-түлік тауарларын қол жетімді бағамен тұрғындарға қызмет етеді. Шаруашылықтар мен жекекәсіпкерлер және ауыл тұрғындары қосалқы шаруашылығындағы малдарына қажетті жем-шөппен қамтамасыз етіліп тұрады. Ауылымыздың шаруа қожалықтары қалада  өтетін жәрмеңкелерде  ет, сүт, көкөніс өнімдерін үнемі жеңілдетілген бағамен сатып, өңіріміздің экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді.  Жоспар бойынша 5300 тн шөп дайындалып жеткізілді.

       2018 жылы ауылдық округтер, ауылдар және поселкелер әкімдерінің есептік кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулерді және ұсыныстарды жүзеге асыру туралы.

        Карамсаков Ермек (Атығай ауылының тұрғыны)

       Атығай ауылында екі автобус аялдамасын орнату.

        Бәйет ауылдық округі бойынша Атығай ауылында

 

Бәйет ауылдық округі Бәйет ауылында «Адал Тенгри» ЖШС және «Logistic PV» ЖШС екі автобус аялдамыс орнату жұмыстарын атқарды.

 

     Назарларыңызға рахмет!

 

 Бәйет ауылдық округінің

                  әкімі                                                           Д.Амантай