Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар жалғасуда

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру шеңберінде тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізіледі.

         2018 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасында 2015-2025 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу салалық бағдарламасын орындауда Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасымен нақты жұмыстар өткізілді. Жемқорлыққа қарсы тақырыбында сабақтар ұйымдастырылып және «Нұр Отан» партиясының ЕҚФ парасаттылық және академиялық адалдық мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер өткізілді.

         Павлодар облысы бөлімшелерінің қызметкерлері арасында дебат турнирі, үздік жадынамалар сайысы өткізілді, онда Екібастұз гарнизонының қызметкерлері белсенді қатысты.

         Жергілікті теледидар көмегімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролигі жасалынды, осы бейнеролике Екібастұз гарнизонының қызметкерлері қатысты.

         Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне осы бағытта жергілікті теледидар жәрдем көрсетуде. Жылдың басынан теледидардан оннан артық сөз сөйлеуі ұйымдастырылды.

         Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мақсаты кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне ноль шыдамдылық ахуалын жасау арқылы Екібастұз гарнизонының барлық жеке құрамын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына тарту.

        

 

Екібастұз қаласының ТЖБ

бастығының орынбасары

Д.М. Байсанбаев