Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 - бабы 2 - тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6 - бабы 2 - тармағының 3) тармақшасына сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қаласы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Екібастұз қаласының полиция басқармасы» мемелекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

  Екібастұз

  қаласының әкімі           Н. Әшімбетов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Ішкі

істер Министрлігі Павлодар

облысы Полиция

департаментінің Екібастұз

қаласының полиция

басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

бастығы

________Т.Арынов

«____»_________2019 жыл

 

 

Екібастұз қаласы әкiмдiгiнiң

 2019 жылғы «__ » ________

 №____  қаулысына қосымша

 

 

Екібастұз қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

 

1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

1) құрмет грамотасы;

2) алғыс хаты;

3) ақшалай сыйақы;

4) құнды сыйлық.

2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Екібастұз қаласының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Екібастұз қаласы ПБ) енгізеді;

3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

4) Екібастұз қаласы ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Екібастұз қаласы ПБ жүзеге асырады.

Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.