Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында «Қыс мезгіліндегі тұрғындардың іс-қимылдары» атты флешмоб өтті

Павлодар облысы ТЖ департаментінің 2018 жылғы 27 қарашадағы облыстың су қоймаларының  мұздағы қауіпсіздігі жөніндегі 2018 жылғы желтоқсан айының 1-нен 31-не дейінгі іс-шаралар жоспарын орындау үшін, Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы еріктілермен бірге қаланың «Болашақ+» сауда орталығында «Қыс мезгіліндегі тұрғындардың іс-қимылдары» тақырыбы бойынша қыс маусымындағы қауіпсіздік жөнінде флешмоб өткізді.      

Флешмобты Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы  қызметшілері ашты.Флешмоб барысында басқарма қызметшілері мен еріктілер қыс кезеңіндегі тұрғындардың қауіпсіздігі жөніндегі ақпарататтық жаднамалар таратты, 250 дана көлемінде. 

Өткізілген флешмоб қатысушылардың көңілінен шықты, қыс кезеңіндегі тұрғындардың қауіпсіздігі туралы ақпарат тұрғындарға жоғары деңгейде қабылданылды. Флешмобқа  250-ден аса адам қатысты.

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының алдын алу тобы балық аулаушыларға мұздағы қауіпсіздікті ескертеді:

 - мұз үстінде балық аулау үшін шұңқырларды жиі қазбау керек;

 - бір орында көп адам шоғырланбаған жөн;

 -  су басқан мұзда балықты аулауға болмайды;

 - әр уақытты өзіңізбен бірге мықты жіп алып жүріңіз ұзындығы 12-15м.

Жедел көмек көрсету телефондарының нөмірлері есте болсын! 

1

Құтқару қызметі

112

2

Өрт қызметі

101

3

Полиция

102

4

Жедел көмек

103

 

 

 

 

М. Хамитова

Екібастұз қаласының

ТЖ басқармасы

төтенше жағдайларды

ескерту тобының

                                                                                                       бас маманы