Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ардагерлерді Жаңа жылмен құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында қала әкімі Нұржан Әшімбетов Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, ұлы ерлігі үшін алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі, мерекелік сыйлықтар табыс етті.

Қала басшысы соғыс ардагері Зейнолла Сулеевке барды. Зейнолла Сүлеев 1942 жылы әскер қатарына алынған. Ол Украин майданының бірінші атқыштар дивизиясында соғысты. 1945 жылдың тамызында Жапон соғысына қатысты. 1948 жылы әскерден босатылады. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Украинаны азат еткені үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков» медальдарымен марапатталған, мерейтойлық марапаттардың иегері.

Қала әкімі ҰОС ардагері Александр Федорович Щетчиковті де құттықтады. Александр Федорович 1942 жылдың маусым айында әскер қатарына алынады. Мәскеуде 88-ші артиллериялық қосалқы полкінде, 25-ші артиллериялық дивизияның 1362 зениттік артиллериялық полкінде қызмет атқарды,радист мамандығын және сержант атағын алды. 1943 жылы Бірінші Украин майданының құрамында Курск доғасындағы қатыгез ұрыстарға қатысып, одан әрі Киев үшін шайқастарда болды. 1944 жылы Украина босатылғаннан кейін 4 Украин майданының құрамында Польша, Закарпат Украинасын азат етті. 1945 жылдың мамыр айында соғыс Чехословакияда аяқталды. Ол жеңіске жеткен полктің 25-ші дивизияның бірі Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталғанын мақтан тұтады.