Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз перзентханасы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

Жөндеу жұмыстары ғимараттың пайдалануға берілгеннен кейінгі 30 жыл ішінде алғаш рет жүргізілуі. Жалпы құрылыс жұмыстарымен қатар, ғимараттың қасбеті жөнделді, сонымен қатар әрлеу және сырлау жұмыстары жасалды.

Перзентхананы күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 203 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді, жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында басталды. Мердігер – «Су НВК» ЖШС-і.  Қалалық мәслихаттың депутаты Арсютин Николай Геннадьевич кіші ота залына жөндеу жүргізу үшін 1 млн. 200 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ, «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі перзентхананың қасбетін сырлауға 8 млн. теңге қаржы берді.    

Перзентханаға 2 наркоз аппараты және 5 тыныс алу аппараты, 2 жүк лифті сатып алынды.

Екібастұз перзентханасы сондай-ақ, Баянауыл ауданының жүкті және жаңа босанған әйелдеріне медициналық көмек көрсетеді.

Перзентхана 105 төсекке есептелген. Ағымдағы жылдың 11 айында перзентханада 2000-нан астам нәресте дүниеге келді.  Соңғы 3 жылда және 2018 жылдың 11 айында Екібастұз өңірі бойынша ана өлімі тіркелген жоқ.

Күрделі жөндеуден кейін босану палаталары қазіргі заманғы қауіпсіз ана технологияларына сәйкес келетін болады, бұл демографиялық көрсеткіштерді жақсартуға ықпал етеді.