Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Богатырь Көмір» компаниясы көмір өндіру және тиеу бойынша жылдық жоспарды асыра орындады

Жаңа жыл қарсаңында «Богатыр» шахтерлері 45 млн. тоннаға жуық көмір тиеді. Жылдық жоспар – 41,30 млн. тонна болса, ол көрсеткіш желтоқсан айының басында орындалды.

Компания қызметкерлері үшін елеулі оқиғаны кеншілер Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовпен болған кездесуде атап өтті.

Қала әкімі «Богатырь» разрезінің АБК-де өндірістік жоспарды асыра орындауға арналған салтанатты шарасында сөйлеген сөзінде, жиналғандарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, алдағы уақытта жұмыста табыс тіледі.

«Богатырь Көмір» бас директоры Рустам Сансызбаев кәсіпорын қызметкерлеріне үйлесімді жұмысы үшін алғысын білдіріп, өндіріс озаттарына Алғыс хаттар мен жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Бұдан басқа, кәсіпорын тарапынан қызметкерлерге сыйлықақы төленетін болды.