Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бірыңғай конкурстық комиссияның конкурсты өтпеді деп тану туралы шешімі

2018 жылдың 27 желтоқсанда  «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға қатысқан кандидаттың құжаттарын қарастыру және пікіралысуға (ішкі конкурс) жіберу бойынша отырыс өткізілді.

         Осы отырыста бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысушының құжаттарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі қаралды.

Отырыс нәтижесі бойынша Н.М. Абдрахмановты конкурстың келесі кезеңіне (пікіралысуға) «Б» корпусының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына білімі жағынан сәйкес келмеуіне байланысты қатыстырмау туралы шешімі қабылданды және «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Е-R-1 санаты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өтпеді деп жарияланды.