Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Зейнолла Шәріпбаевқа мемориалды тақта ашылды

Жаңа жыл қарсаңында Екібастұз қаласының №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Шәріпбаев Зейнолла Зекенұлына арналып мемориалды тақта ашылады.

Зейнолла Шәріпбаев 1962 жылдың 13 тамызында Екібастұз қаласында дүниеге келген. Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейін тәмамдаған соң, №18 АӨТУ-е түседі.

1981 жылы КСРО Қарулы күштері қатарына алынып, Ауғанстан Республикасында Отан алдындағы борыныш өтеген. Бірнеше рет әскери бөлімдер мен бөлімшелерге оқ-дәрі, азық-түлік және басқа да маңызды жүктерді жеткізуге қатысты. Автокөліктерге, колонналарға шабуыл жасап, батыл және жанкешті әрекет етті. 1983 жылдың 15-ші ақпанында достарын құтқарып, оқ атудан көлікті шығарды. Бірақ өзі өмірмен қош айтысады. Ерлігі мен батылдығы үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Қаланың бір көшесі оның есімімен аталған.