Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда қала әкімінің шыршаы өтті

Бүгін «Қайнар» білім бері-сауықтыру кешенінде Екібастұз қаласы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті.

Қалада жаңа жылдық шыршалар 24 желтоқсаннан басталып өткізілуде, оларға 3 мыңға жуық көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты.

Қала әкімінің қатысуымен өткен бүгінгі мерекеге 100-ден астам жас және дарынды екібастұздықтар қатысты. Олардың ішінде облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушылары, зияткерлік жарыстардың көшбасшылары бар. Өздерінің жас ерекшеліктеріне қарамастан, көп нәрсеге қол жеткізді. Жаңа жылдық шыршаға қатысқан барлық балаларға планшет сыйға берілді.

Мерекелік шарада «Арман» үлгілі вокалды-эстрадалық  топ, «Радость» үлгілі хореографиялық ансамблі өнер көрсетті. Балалардың алдында «Рухани жаңғыру» құсы, көңілді киіз үй, ержүрек батыр сынды көптеген сүйікті кейіпкерлер жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жаңа жылдық шыршаның соңында балаларға арналған «Тәтті үстел» қарастырылды