Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Энергетиктер кәсіби мерекесін тойлады

21 желтоқсан күні Екібастұз балалар музыка мектебінде «Энергетика күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Энергетика саласының ардагерлері мен қызметкерлерін қала әкімі Нұржан Әшімбетов құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосқан бірқатар азаматтарды құттықтады.

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы жөндеу-құрылыс цехының сырлаушысы Гаухар Несіпбекқызы Ермекбаева, энергетикалық өнеркәсіптің ардагері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Николай Михайлович Сиряков, Екібастұз ГРЭС-2 станциясының бас бухгалтері Сәния Талғатқызы Уразаева Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен  марапатталды.

Қала әкімінің Алғыс хатымен «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі жетекші инженері Рүстем Рапағатұлы Әбдірахмановқа, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» сатып алуларды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Дарья Сергеевна Дорошенкоға, «Горэлектросеть» әуе желілерін жөндеу жөніндегі   электр монтері Ержан Ризоллаұлы Жүзкеновке, Екібастұз ГРЭС-2 станциясы ауысым стансасының бастығы Серік Аманжолұлы Занов, энергетикалық өнеркәсіптің ардагері Юрий Петрович Лаптюговқа, «KEGOC» акционерлік қоғамы Орталық аумақтық электр тораптарының жүргізушісі Жанат Жұмкенұлы Мақсұтов,  «Экибастузэнерго» абоненттік бөлімінің контролері Ғалия Мерленқызы Нұғманова, «Горэлектросеть» тарату құрылғылары жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесары Вадим Алексеевич Тронин марапатталды.

Қазақстан Электрэнергетикалық Қауымдастығының «Еңбегі сіңген энергетик» төс белгісін энергетика саласының ардагерлері Кропочев Геннадий Андрианович пен Семенова Виктория Васильевич, ал «Құрметті энергетик» төс белгісімен энергетика саласының ардагерлері Кравченко Петр Григорьевич, Тарасенко Дмитрия Николаевич және «Энергобасқару» ЖШС-нің №9 станциясы учаскесінің басшысы Козлов Анатолий Иванович иеленді.

Ұзақ жылғы қажырлы еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін және Энергетик күнін мерекелеуге байланысты Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасы Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-тіңсауықтыру пунктінің медбикесі Ләззат Қайролдақызы Әлеева, ГРЭС-2 станциясының жылу автоматикасы және өлшеу цехының 7- разрядты электр станцияларының автоматикасына және өлшеу құралдарына қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Гуров Геннадий Владимирович пен Екібастұз ГРЭС-2 станциясы автошаруашылығының 5-разрядтағы автомобиль жүргізушісі Сағадат Кәрібайұлы Рақышевқа берілді.

Қалалық мәслихаттың Алғыс хаты Екібастұз ГРЭС-2 станциясының

орталықтандырылған жөндеу цехының қазандық және тозаң дайындау цехтары жабдықтарын жөндеу жөніндегі 6-разрядтағы слесарі Серік Айтқазыұлы Закарияновқа және Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 метрология бөлімінің метрология жөніндегі жетекші инженері Макарова Ольга Ивановнаға табысталды.

Салтанатты шара соңы концертік бағдарламамен жалғасты.