Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Республикалық турнир

Бүгін «Жасыбай» БЖСМ-де Екібастұз қаласында еркін күрестің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Иванков Леонид Ивановичке арналған 2002-2004 ж.т. жасөспірімдер мен 2004-2006 ж.т. қыздар арасында еркін күрестен республикалық турнирінің ашылуы өтті. 

Еркін күрес бойынша турнир 2014 жылдан бастап өткізілуде. 2018 жылдан бастап аталмыш турнир республикалық мәртебеге ие, ҚР Республикалық турнирлерінің күнтізбелік жоспарына енгізілді, чемпиондар мен жүлдегерлер ҚР СШК нормативін орындайды.

Иванков Леонид Иванович – еркін күрестен КСРО спорт шебері, Бүкілодақтық санатты төреші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогикалық өтілі 50 жылдан астам. Біздің қалада 1967 жылдан бастап жұмыс істейді, Екібастұз қаласында еркін күрестің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Еркін күрестен ҚР 22 спорт шеберін дайындады.